Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН ӘУЕНДЕРІ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

3 августа, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар, Рухани құндылық
0
ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН ӘУЕНДЕРІ» МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы «Жасанды көл» саябағында ашық аспан астында ұйымдастырылған «Түркістан әуендері» мерекелік концерті – ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды ұлықтаған тағылымды мәдени кеш болды. Бүгінде Түркістанда мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға, ұлттық салт-дәстүрді кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстар Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы ретіндегі мәртебесін одан әрі нығайтып, қаланың мәдени әлеуетін жаңа деңгейге көтеруде.

Түркістан – ғасырлар бойы қазақ халқының рухани орталығы, тарих пен мәдениеттің алтын бесігі. Сондықтан мұнда ұйымдастырылатын әрбір мәдени іс-шара халықтың тарихи жадын жаңғыртып, ұлттық болмысымызды, салт-дәстүрімізді, төл өнерімізді дәріптеуге бағытталған маңызды бастама болып саналады. Концерттік бағдарламада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілері өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Яссы» халықтық би ансамблі, «Семсер» және «Арнау» топтары, «Ай-Дана» дуэті, сондай-ақ Оразкүл Дәулетова, Досымжан Айдаров, Елнұр Досжанов, Қожа Аманбаев, Мадина Ералиева, Дана Индемесова және Райым мен Дана өздерінің үздік шығармаларын орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Қазақтың әні мен күйі – халқымыздың жан дүниесінің айнасы. Домбыраның күмбірі мен халық әндерінің әуені ұлттың өткені мен бүгіні арасындағы алтын көпір іспетті. Осындай концерттер арқылы жас ұрпақ ата-баба аманатына адал болып, ұлттық мәдениеттің қадірін терең сезінеді. Бұл – ұлттың рухани иммунитетін күшейтіп, елдік сананы қалыптастыратын маңызды құндылық.

«Түркістан әуендері» секілді мәдени жобалар тек концерт қана емес, ұлттың рухани жаңғыруына қызмет ететін маңызды мәдени алаң. Мұнда орындалған әрбір ән мен күй халқымыздың бай мұрасын дәріптеп, көрермендердің бойында туған жерге деген сүйіспеншілік пен ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыра түседі. Ұлттық рухты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті. Ал өнер – сол рухты ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін ең құдіретті күш. Сондықтан мұндай игі бастамалардың жалғасын тауып, Түркістанның мәдени өмірін одан әрі жандандыра беретініне сенім мол.

Түркістан – тарихтың ғана емес, ұлттық рухтың, төл өнердің және мәңгілік мәдениеттің ордасы!

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ АТАУЫ АФИНА ТӨРІНДЕ: ТУҒАН ЖЕРГЕ АДАЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Келесі жаңалық

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі