Понедельник, 23 ноября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУДАҒЫ ӨНДІРІС – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ!

7 августа, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
КЕНТАУДАҒЫ ӨНДІРІС – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БАҒЫТТАЛҒАН НАҚТЫ ЖҰМЫСТЫҢ КӨРІНІСІ!
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау – өндірістік әлеуеті қалыптасқан, бүгінде жаңа серпін алып келе жатқан шаһар. Қалада кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға бағытталған нақты жобалар жүзеге асып, отандық өнім көлемі артып келеді. Ең бастысы – бұл жұмыстар жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және қаланың экономикалық әлеуетін арттыруға жол ашуда. Бүгінде Кентауда өндірілген өнімнің тек ішкі нарыққа ғана емес, шетелдік нарыққа да шығуы – жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің айқын көрінісі. Соның бір айқын дәлелі – «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «TURAN SHENHUA» ЖШС зауыты. Кәсіпорын жылына 30 мың дана газ қазандығын өндіруге қауқарлы. Жобаның құны – 2,4 млрд теңге, бүгінде мұнда 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ең маңыздысы – Кентауда өндірілген өнімдер Орта Азия елдеріне экспортталуда. Бұл – жай ғана өндіріс орнының жұмысы емес. Бұл – жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс, отбасылардың әл-ауқаты және қаланың экономикалық әлеуетінің артуы.

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы ең алдымен халықтың мұң-мұқтажын тыңдап қана қоймай, оның нақты мәселелерін шешуге бағытталған тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыруды көздейді. Ал халық үшін ең өзекті мәселелердің бірі – тұрақты жұмыс пен табыс көзі. Осы тұрғыдан алғанда, Кентауда жаңа өндірістердің ашылып, инвестицияның тартылуы – халықтың сұранысына жауап беретін нақты қадам.

Ал «Адал азамат» қағидасы – ел дамуына әр азаматтың өз еңбегімен үлес қосуын, жауапкершілік пен еңбекқорлықты дәріптейді. Кәсіпорында еңбек етіп жүрген азаматтардың табысы – адал еңбектің нәтижесі. Өндірістің дамуы арқылы мемлекетке де, қоғамға да пайда келтіру – осы құндылықтардың нақты көрінісі. Зауытта қызметкерлердің орташа жалақысы 250–300 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар өндірілген өнімдер Орта Азия елдеріне экспортталады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің зауыт жұмысымен танысуы барысында, өңір экономикасын әрі қарай дамыту, инвестиция тарту, экспорт көлемін ұлғайту мәселесіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Инвестиция тарту, өндірісті кеңейту және экспорт көлемін арттыру мәселелеріне басымдық берілуі де осы мақсатпен сабақтас. Халықтың үні естіліп, оның мәселесі нақты іспен шешілгенде – мемлекетке деген сенім артады. Ал адал еңбекке жағдай жасалған жерде – елдің экономикасы нығаяды.

Кентаудың өндірістік әлеуетін арттыру – қаланың ғана емес, тұтас Түркістан облысының экономикалық қуатын күшейтетін маңызды бағыт. Еңбек бар жерде – береке бар. Өндіріс бар жерде – мүмкіндік бар. Ал мүмкіндік халық игілігіне қызмет етуі тиіс.

Айта кетейік, өңірде әлеуметтік — экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және жаңа өндіріс орындарын ашу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. 2026–2029 жылдар аралығында Түркістан облысында жалпы құны 2,8 трлн теңгені құрайтын 122 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Оның нәтижесінде 17 820 жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Бүгінде облыста жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін төмендету және экономикалық өсімді қамтамасыз ету бағытында нақты жобалар әзірленіп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Отандық өндіріс – экономиканың тірегі. Ал Кентаудың өндірістік әлеуеті – өңірдің жаңа мүмкіндіктерінің бастауы. Өндіріс дамыса – жұмыс орны көбейеді. Жұмыс орны көбейсе – халықтың әл-ауқаты артады. Бұл – Кентаудың экономикалық дамуының нақты көрсеткіші.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

Келесі жаңалық

ӨНДІРІС ПЕН РУХАНИЯТ ҮНДЕСТІГІ: ТҮРКІСТАННЫҢ ЖАҢА ДАМУ БЕЛЕСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі