Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

1 августа, 2026
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиын өтіп, қала дамуының негізгі бағыттары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Жиынның күн тәртібінде 2026 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша рейтингтік көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінде нақты нәтижеге қол жеткізу, атқарушылық тәртіпті күшейту, халықтың талап-тілегіне жедел ден қою және әрбір қабылданған шешімнің тиімділігін арттыру міндеттерін үнемі алға қойып келеді. Осы бағытта жиында қала әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндап, негізгі индикаторлардың орындалу деңгейін таныстырды. Сонымен қатар, жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына кедергі келтіріп отырған мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Қала әкімі әрбір бағыт бойынша жұмысты жеке саралап, төмен көрсеткіштердің себептеріне назар аударды. Жауапты бөлім басшыларына анықталған кемшіліктерді жою, көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету және белгіленген міндеттердің нәтижелі орындалуына қатысты нақты тапсырмалар берілді. Бүгінде рейтингтік көрсеткіш – жай ғана сандық есеп емес. Ол мемлекеттік органдар жұмысының нақты нәтижесін, халықтың өмір сапасына әсер ететін өзгерістердің деңгейін және қабылданған шешімдердің тиімділігін көрсететін маңызды өлшем. Сондықтан Кентау қаласында әрбір мемлекеттік органның жұмысы нақты нәтижеге, ашықтыққа және жауапкершілікке негізделуі тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты – халықтың мәселесін тыңдаумен ғана шектелмей, оның шешімін нақты қамтамасыз етуді талап етеді. Осыған сәйкес қала әкімдігі алдағы кезеңде де тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және белгіленген индикаторлардың толық орындалуына басымдық береді. Жиын қорытындысымен жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау міндеттелді.

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУ: ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ТӨСІНДЕГІ КӨНЕ АТАУЛАР ІЗІМЕН» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі