Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Дәстүр

ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ТӨСІНДЕГІ КӨНЕ АТАУЛАР ІЗІМЕН» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

2 августа, 2026
in Дәстүр, Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАНДА «ТҮРКІСТАН ТӨСІНДЕГІ КӨНЕ АТАУЛАР ІЗІМЕН» АТТЫ ҒЫЛЫМИ ЭКСПЕДИЦИЯҒА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан – тек көне шаһар ғана емес, күллі түркі дүниесінің рухани өзегі, қазақ халқының тарихи жадын сақтап келген қасиетті мекен. Әрбір жер атауы – ғасырлар қойнауынан жеткен шежіре, әрбір төбе мен қырат – ұлттың өткені мен бүгінін жалғап тұрған рухани көпір. Осы құндылықтарды ғылыми тұрғыдан зерделеу мақсатында Түркістанда «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты ғылыми экспедицияға арналған маңызды жиын ұйымдастырылды. Нақтырақ айтқанда, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі – «Ономастар одағы», Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі және «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталығы» КММ бірлесіп Ұлы Дала елі орталығында «Түркістан төсіндегі көне атаулар ізімен» атты тарихи-танымдық ғылыми экспедиция аясында жиын өткізді.

Экспедицияның басты мақсаты – өңірдегі тарихи жер-су атауларының шығу тегін зерттеу, олардың тарихи, мәдени және рухани мәнін айқындау, ұлттың тарихи жады мен мәдени мұрасын келер ұрпаққа ғылыми негізде жеткізу. Көне атаулар – халқымыздың дүниетанымын, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, елдік санасы мен тарихи сабақтастығын айқын көрсететін асыл мұра. Әрбір тарихи атауды сақтау – өткенді құрметтеу ғана емес, болашаққа аманат болатын ұлттық құндылықтарды қорғау. Жиын барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Ономастар одағының» өкілдері «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасының мақсат-міндеттері мен оны жүзеге асыру тетіктерін таныстырды.

Сонымен қатар, ғалымдар Шөйтөбе I қонысында (IX–XV ғғ.) және Шөйтөбе II қонысында (XIII–XIV ғғ.) жүргізілген ғылыми-зерттеу және далалық экспедициялық жұмыстардың нәтижелерін баяндап, өңірдің тарихи-мәдени мұрасын зерделеуге қатысты маңызды мәліметтермен бөлісті. Басқосу барысында Шауғар–Шойтөбе қалашығы мен Кентау қаласы аумағындағы Бала Бүркем қалашығының тарихи-мәдени құндылығы, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу, қорғау және кеңінен насихаттау мәселелері кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ жиында Түркістан қаласындағы 602 нысанның атауын тарихи-ономастикалық тұрғыдан зерделеп, оларды қолданыстағы талаптарға сәйкес ретке келтіру мәселесі қозғалды. Мамандар бұл жұмыстар тарихи атаулардың түпнұсқалығын сақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және өңірдің мәдени-тарихи мұрасын жүйелеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шараға облыстың өлкетанушылары, көнекөз қариялар, мектеп мұғалімдері, тарихшылар және жергілікті тұрғындар қатысып, көне жер-су атауларын сақтау, тарихи деректерді жүйелеу және ұлттық мұраны келер ұрпаққа жеткізу жолдары жөнінде пікір алмасты.

Аталған ғылыми экспедиция Түркістан өңірінің тарихи атауларын ғылыми тұрғыдан зерделеу, ономастикалық қорды толықтыру және ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау бағытындағы маңызды жобалардың бірі саналады.

Бүгінде Мемлекет басшысы айқындаған ұлттық бірегейлікті нығайту, тарихи сананы жаңғырту бағытындағы жұмыстардың маңызы артып келеді. Түркістандағы осындай ғылыми бастамалар қазақ елінің бай тарихын терең тануға, ұлттық болмысымызды сақтауға және жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға қызмет етеді.

Тарихын таныған халықтың тамыры терең, рухы биік болады. Сондықтан көне атауларды зерттеу – өткеннің үнін естіп қана қоймай, қазақ елінің мәңгілік құндылықтарын келешекке жеткізетін маңызды қадам.

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Келесі жаңалық

КЕНТАУ АТАУЫ АФИНА ТӨРІНДЕ: ТУҒАН ЖЕРГЕ АДАЛДЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі