Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Мәслихат Uncategorized

САУРАН АУДАНЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

1 сентября, 2026
in Uncategorized
0
САУРАН АУДАНЫНДА 300 ОРЫНДЫҚ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Абай елді мекенінде 300 орындық Абай атындағы жалпы білім беретін жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Заманауи талаптарға сай салынған білім ордасы ауыл оқушыларының сапалы білім алуына мүмкіндік бермек.

Салтанатты шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, ауыл тұрғындары, білім саласының өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды Білім күнімен құттықтап, жаңа білім ордасының символикалық кілтін табыстады. Ол өз сөзінде елімізде білім беру инфрақұрылымын дамытуға және оқушыларға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы білім мен бала болашағын мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап, әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды тапсырды. Осы бағытта елімізде білім беру инфрақұрылымы жаңарып, жаңа мектептер бой көтеруде. Бұл – ұрпақ болашағына салынған маңызды инвестиция», – деді Еркебұлан Дауылбаев.

Оның айтуынша, Қазақстандағы 8 мыңға жуық мектептің 1100-ден астамы Түркістан облысында орналасқан. Қазіргі таңда өңірде 550 мыңнан астам оқушы білім алуда. Оқушылар санының жыл сайын артуы жаңа мектептер салу және білім беру орындарының мүмкіндігін кеңейту қажеттілігін туындатып отыр.

Осы орайда Абай елді мекенінде жаңа мектептің пайдалануға берілуі ауылдағы білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі саналады. Жаңа ғимарат оқушылардың заман талабына сай білім алуына жағдай жасап, ұстаздардың да кәсіби қызметін қолайлы ортада атқаруына мүмкіндік береді.

Түркістан облысы құрылыс басқармасының тапсырысымен салынған үш қабатты ғимарат 300 оқушыға арналған. Мектептің жобасында білім алушылардың оқуына, демалуына, спортпен айналысуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына қажетті орындар қарастырылған.

Атап айтқанда, білім ордасында 70 орындық асхана, 40 орындық оқу залы бар кітапхана, спорт және акт залдары, шеберхана, медициналық кабинет пен заманауи оқу сыныптары бар. Сонымен қатар ғимарат электр, жылу және сумен жабдықтау, кәріз жүйелерімен толық қамтылған.

Мектеп орналасқан жер телімінің аумағы 6 275 шаршы метрді құрайды. Ал ғимараттың пайдалы ауданы – 4 174 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2025 жылғы наурызда басталып, 2026 жылғы тамызда аяқталған.

Жаңа мектептің ашылуы ауыл тұрғындары үшін де маңызды оқиға болды. Өйткені білім беру нысандарының қолжетімді болуы балалардың оқу жағдайын жақсартып, олардың жан-жақты дамуына ықпал етеді. Әсіресе заманауи оқу кабинеттерінің, кітапхананың, спорт залы мен шығармашылық жұмыстарға арналған кеңістіктердің болуы оқушылардың білімін жетілдіріп, қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді.

Бүгінде білім беру саласында тек оқу бағдарламаларын меңгерту ғана емес, оқушылардың сыни ойлауын, ізденімпаздығын және шығармашылық әлеуетін дамыту да маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа мектептің материалдық-техникалық базасы білім беру үдерісін ұйымдастыруға қажетті жағдайлардың бірі болмақ.

Салтанатты ашылу рәсімінен кейін қонақтар мектептің оқу сыныптарын аралап, ғимараттың материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты. Олар білім ордасында оқушыларға арналған кабинеттер мен өзге де нысандардың жай-күйін көрді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Сауран ауданындағы 64 білім беру ұйымында 25 мыңға жуық оқушы білім алады. Ал биыл 2 333 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Абай атындағы жаңа мектептің пайдалануға берілуі ауданның білім беру жүйесін дамытуға және ауыл балаларының сапалы білім алуына қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. Білім ордасы алдағы уақытта жас ұрпақтың білімін жетілдіріп, олардың тұлғалық дамуына үлес қосатын маңызды орынға айналмақ.

Алдыңғы жаңалық

САУРАНДА АГРОӨНЕРКӘСІП ПЕН КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯНЫҢ ЖАҢА ҮЛГІСІ ҚАЛЫПТАСУДА

Келесі жаңалық

САУРАН: Атқарылып жатқан жұмыстар жан-жақты қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі