Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Рухани құндылық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

8 октября, 2026
in Рухани құндылық, Саясат, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРДЫҢ  ҚАУІПСІЗДІГІ  БАСТЫ НАЗАРДА
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның штаб отырысы өтті.  Жиынды облыс әкімінің орынбасары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы Ертай  Алтаев ашып, жүргізіп отырды. Отырыста балалардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ ерте жүктіліктің алдын алу және жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығын қорғау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ өзекті проблемаларды жан-жақты зерделеп, олардың алдын алуға бағытталған шараларды күшейту қажеттігі атап өтілді. Мәжіліс барысында облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтарының сақталу жағдайы туралы баяндады.  Ал облыстық психологиялық қолдау орталығының директоры Мөлдір  Баймұханбетова кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік жағдайлардың жай-күйі және олардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы тоқталды.

Жиынға аудан, қала әкімдіктерінің жауапты өкілдері, балалардың құқықтарын қорғау, білім және қоғамдық даму, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар салаларының басшылары мен өкілдері, сондай-ақ полиция департементінің өкілдері қатысты. Штаб отырысының қорытындысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстарды назарға алып, тиісті бағыттардағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырмалар берді. Балалар мен жасөспірімдер арасында орын алуы мүмкін келеңсіз жағдайлардың алдын алу, анықталған проблемалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу және профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру міндеттері айқындалды. Аталған бағыттардағы жұмыстар бақылауға алынып, ұсыныстар хаттамаға енгізілді.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ – РУХАНИ МҰРА МЕН ҰЛТТЫҚ КИІМ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі