Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Мәслихат Uncategorized

ҚАЗЫҒҰРТ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

17 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ҚАЗЫҒҰРТ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдауға, өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастыруға бағытталған жеке қабылдау өтті. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес тұрғындармен кездесіп, олардың талап-тілектеріне назар аударды. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Кездесу барысында Қазығұрт, Тұрбат, Қақпақ, Жаңабазар, Жігерген және Қызылқия ауылдық округтерінен келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, тұрғындар әлеуметтік көмек алу, электр энергиясы қуатының төмендігі, интернет желісінің сапасы, тұрғын үймен қамту және жол инфрақұрылымын жақсарту мәселелерін көтерді. Олардың айтуынша, аталған бағыттар бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілуі ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмыс-тіршілігі үшін маңызды. Сонымен қатар елді мекендердегі көшелердің жағдайы да назардан тыс қалмады. Тұрғындар «Жастар» көшесіне асфальт төсеу, «Бөрібек» көшесіне шағал төсеу қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек, «Мамбеталиев» көшесінен «Қонаев» көшесіне шығатын қырдағы жолды кеңейту және көшелерге жарықтандыру шамдарын орнату мәселелері талқыланды. Жолдардың сапасы мен көшелердің жарықтандырылуы тұрғындардың қауіпсіз қозғалысына және елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға тікелей әсер етеді. Сондықтан көтерілген мәселелерді қарастыру кезінде олардың өзектілігі мен шешу мүмкіндіктерін жан-жақты зерделеу қажеттігі ескерілді. Аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсініктемелер берді. Сонымен бірге өтініштердің сипатына қарай тиісті жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығына назар аударды. Жеке қабылдау қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне тұрғындар көтерген мәселелерді жан-жақты зерделеу, олардың шешу жолдарын қарастыру және тиісті ұсыныстар әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді. Мұндай қабылдаулар тұрғындар мен жергілікті атқарушы билік арасындағы байланысты нығайтуға, халықтың талап-тілектерін тікелей тыңдауға және елді мекендердегі өзекті мәселелерді жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

Алдыңғы жаңалық

ОТЫРАРДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Келесі жаңалық

САУРАН АУДАНЫ «БАҚТЫ» ФОРУМЫ АЯСЫНДА КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН КЕҢЕЙТУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі