Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Мәслихат Uncategorized

ОТЫРАРДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

17 сентября, 2026
in Uncategorized
0
ОТЫРАРДА ТАЗАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында тазалық талаптарының орындалуына бағытталған рейдтік жұмыстар жүргізілуде. Шараның мақсаты – аудан аумағын таза ұстау, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу және тұрғындар мен кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру. Кезекті рейд кезінде арнайы жұмысшы топ өкілдері бұған дейін берілген ескертулерге қарамастан, тазалық талаптарын орындамаған кәсіпкерлік нысандарын қайта аралады. Нысан иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, өздеріне тиесілі аумақты таза ұстаудың маңыздылығы айтылды. Тексеру барысында заң талаптарын бұзған бірқатар тұлғаға қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

Мамандар мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, сонымен қатар олардың алдын алып, аудан аумағында тазалық мәдениетін қалыптастыру екенін атап өтеді. Ауданның көрікті әрі таза болуы – баршаға ортақ міндет. Әсіресе, кәсіпкерлік нысандарының айналасын күтіп ұстау, қоқысты белгіленген орындарға шығару және санитарлық талаптарды сақтау қоғамдық ортаға деген құрметтің белгісі саналады. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау үшін әр азамат өзіне тиесілі аумаққа жауапкершілікпен қарап, белгіленген ережелерді орындауы қажет. Тазалыққа немқұрайлы қарау елді мекеннің көркіне кері әсер етіп қана қоймай, тұрғындарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Осыған байланысты аудан тұрғындары мен кәсіпкерлеріне тазалық талаптарын қатаң сақтау, айналаны ластамау және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау жөнінде үндеу жасалды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Тиісті шаралар аудан аумағында тазалық пен тәртіпті нығайтуға, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.

Алдыңғы жаңалық

ОТЫРАРДА ТҰЗДЫ ТОПЫРАҚТА КӨШЕТ ӨСІРУДІҢ ЖАҢА ӘДІСІ НӘТИЖЕ БЕРДІ

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТ: ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі