Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді

29 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық. Мәселен Отырар ауданында, 2025 жылы аудандағы тарихи орындарға келушілер саны 5 айда 43 750 адам болса, оның ішінде 931 адам шетел азаматтары. Ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар маңызды ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуына тың серпін береді. Мәселен, туризм саласы мақсатында 2025-2026 жылдары ауданда жүзеге асырылатын жобалар қатарында ЖК «Каненов Нұрсейіт», демалыс орталығы 2025-2026 жылдары 800 млн.тг жобасын іске асыру жоспарлануда. 10 адам тұрақты жұмыс орынымен қамтылатын болады. Сонымен қатар, ЖК «Нұрышов Азамат» 300 адамдық қонақ үй құрылысы 2025-2026 жылдары 300 млн.тг жобасын іске асыру жоспарлануда. Жоба іске асса, 5 адам тұрақты жұмыс орынымен қамтылатын болады. Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері 2025 жылды жалпы өңірде өндірілген өнім көлемі 25,2 млрд.теңгені құрап, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,1 млрд. теңгеге артық орындалған.  Өнеркәсіп өнімінің көлемі – 13,8 млрд.теңгеге жеткен. Бұл туралы Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай мәлімдеді.

Отырар аудан бюджетінің жергілікті өзіндік кірістер жоспары 3,1 млрд. теңге. 5 айдың орындалуы 2,3 млрд. теңге болып, 177,0%-ға немесе 1 016,1 млн. теңгеге артық орындалған. 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 187,3 пайызға артқан. Сонымен қатар, аудан бюджетінің жылдық шығыстар жоспары 11,1 млрд. теңге, тиісті кезеңге орындалуы 3,7 млрд. теңгеге немесе 98,4 пайызға орындалды (қалдық қаражат 60,7 млн. теңге оның ішінде 60,0 млн. теңге «Сырдария» елді мекеніне ауыз су құрылысына республикалық бюджеттен қаржы түспеуіне байланысты игерілмеді, 0,7 мың теңге есепті кезеңге үнемделген қаржы).

Отырар ауданы ауылшаруашылық саласы бойынша 2025 жылға 54 100 гектарға (2024 жылы 35 001 га) егіс егу жоспарланып,  жоспар 54 796 гектарға орындалған, яғни егіс көлемі 19 795 гектарға артқан. Бүгінгі таңда 54 796 га егіс алқабына   11 000 га жерге дәндік дақылдар, 8 939 жерге мал азықтық, 25 350 га жерге мақта, 7 577 га жерге бақша, 1 704 га жерге көкөніс, 310 га жерге күнбағыс дақылдары орналастырылған. Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жылдық жоспары 15 млрд теңге болса, қаңтар-мамыр айларында 5,4 млрд. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (2024 жылы 5 ай – 56,5 млн. теңге) 5,3 млрд. теңгеге артқан. Тамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің жылдық жоспары 550 млн. теңгеге бекітілсе, 5 айда 120 млн. теңгеге орындалып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 119,4 млн. теңгеге артқан.

  • 2025 жылғы 5 айдың қорытындысымен мал басының өсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара 75 700 бас 122,7 пайызға, уақ мал 482 653 бас 101,5 пайызға, жылқы 29 435 бас 123,6 пайызға, түйе 12 802 бас 105,5 пайызға, үй құсы 65 009 басқа 128,5 пайызды құрады. Отырар ауданында 2025 жылға өнеркәсіп өнімі көлемінің жылдық жоспары 33,5 млрд. теңге болса, қаңтар-мамыр айына орындалуы 13,8 млрд. теңге болып, НКИ 93,6 пайызды құрады. 2025 жылы негізгі капиталға салынған жалпы инвестициялар көлемінің жылдық жоспары 40,0 млрд. теңге болса, 5 айда орындалуы 14,8 млрд. теңге болып, НКИ 299,1 пайызды құрады,-деді Қ.Жолдыбай.

Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың 5 айында тіркелген 6 189 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. «Түркістан мақта–агроөнеркәсіп кешені» ЖШС, мақта класстерін құру жобасы, жоба құны – 22,5 млрд. тг. Оның ішінде, 2 мақта өңдеу зауыты, жоба құны – 20,5 млрд. тг., тамшылатып суғару жүйесі (ленталар) кәсіпорыны, жоба құны – 2,0 млрд. тг.  23,0 мың га. тамшылатып суғару құрылғыларын сатып алу – 8,0 млрд. тг. Бүгінгі таңда жер жырту жұмыстары аяқталып, тамшылатып суғару құрылғыларын орнату жұмыстары және мақта дақылын егу жұмыстары жүргізілді. Зауыт құрылысының жұмыстары басталған. «Таймас-2024» ЖШС, 3000 га. жерді тамшылатып суғару әдісі. Жалпы құны – 2,0 млрд. тг. Алдағы уақытта маусымдық жұмыспен 25 адамды қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда 2 400 га мақта және 600 га. күріш дақылы егіліп, тамшылатып суғару әдісі бойынша құрылғыларын алып орнатылды. «Ontustik Altayr» ЖШС, 5 000 бастық мал бордақылау алаңын құру жобасы, жоба құны – 1 млрд. 280 млн. теңгені құрайды. Жоба кәсіпкердің өз қаржы есебінен құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда асыл тұқымды етті бағыттағы 500 бас қалмақ сатып алынған.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЖАҢА СЕРПІН БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі