Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЖАҢА СЕРПІН БАР

29 июня, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ЖАҢА СЕРПІН БАР
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта 9 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 2956 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, индустриалды аймақта 23 жоба іске асырылып, 961 адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. Қазақ халқы және түркітілдес елдер үшін Түркістанның орны айрықша. 2018 жылы Түркістан облысы құрылды. Түркістан қаласы облыс орталығына айналып, рухани астана ретінде дамып жатқанына 7 жыл толды. Осы уақыт аралығында өңірді дамыту іс-шаралары аймақтың экономикасына тың серпін берді. Түркістан бүгінде миллиондаған туристер мен қонақтардың тамашалауға асығып келетін мекеніне айналды. Бүгінгі Түркістан – тек әлеуметтік-экономикалық жағынан ғана дамып қоймай, мәдени-идеологиялық жағынан да дамып жатқан өңір.  Түркістан қаласында жоспарланған жобалар аясында шетелдік және отандық инвесторлардың қатысуымен ірі кәсіпорындар құрылуда. 2025 жылдың алғашқы бес айында Түркістанға 1,1 млн турист келген. Шетелдік туристер саны 23,2 мың адамды құрады. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 7 жыл толды. Облыс орталығы – Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы қабылданған заң өңірдің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне жаңа серпін берді. Туризм саласына тартылған инвестициялар көлемі 61,9 млрд теңгеге жетті. Қалада «Қолөнершілер қалашығы», «Күлтөбе қалашығы», аквапаркі бар қонақ үй кешені сынды туристік нысандардың құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері қаланың жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрап, жан басына шаққанда 663,5 мың теңгеге жеткен. Өнеркәсіп саласында 40 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 25 млрд теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 299,3 млрд теңге, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 434,6 мың шаршы метрді құрады. Сауда айналымы 157,9 млрд теңгеге жетсе, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 490 млрд теңгені құрады.

«Жалпы қалада инфрақұрылым саласында оң өзгерістер жетерлік. Бүгінгі таңда шаһардың кәріз жүйесімен қамтылу деңгейі – 36,5 пайыз, ал ауыз сумен қамтылуы 100 пайызды құрады. Электрмен қамту – 99,5 пайыз, табиғи газбен қамту – 98 пайыз деңгейінде. Бұл көрсеткіштерді жақсарта түсу мақсатында бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Бүгінгі Түркі­стан руханияттың, ынтымақтастықтың, тыныштықтың нағыз ордасына айналған. Ынтымақ пен бірліктің, тұрақты­лықтың мекеніне айналған Түркістан өңірін дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, кәсіпорындарды көптеп ашу, инвестиция тарту, әсіресе туризм саласы бағытындағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек» — деді Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.

Сонымен қатар, 2025 жылы 12 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 4 мектепте күрделі жөндеу, 7 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жеке инвестиция есебінен 27 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана мен оңалту орталығының құрылысы қыза түскен. Бұдан бөлек, биыл Түркістан қаласында 159 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінгі таңға дейін 44,6 шақырымды құрайтын 41 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2024 жылы 47,1 шақырым жол ретке келтіріліп, қанағаттанарлық жолдардың үлесі 50,3%-ға жеткен болатын. Аталған жұмыстар нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен көрсеткішті 66,7%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров атап өткендей, Түркістан облысының 9 индустриалды аймағы, «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Онда кәсіпкерлерге барлық жағдай жасалған. Мүмкіндік мол.  Әрбір инвестормен әр жобаның түпкілікті жүзеге асуы жіті бақылауда. Барлық аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары бастаған өкілдер облыс кәсіпкерлерімен бірге Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапармен барып қайтты. Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралады. Алпауыт компаниялармен келісімдер жасалған. Бұл аймақтың ірмен қарай дамуына үлкен күш. Халықтың әл-ауқатын жақсартып, өз кезегінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту жұмыстарына да оң әсерін тигізеді.

Айта кетейік, Қазіргі таңда Түркістан облысы Қазақстандағы жетекші туристік орталықтардың бірі ретінде танылып келеді. Өңірге келген туристер саны жыл санап артып, бір күндік келушілер саны 1 миллионға жуықтады. Мұндай көрсеткіштер туризмді облыс экономикасының жаңа драйверіне айналдыру мақсатында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесі екені анық. Сонымен қатар, Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді. Өңірде өндіріс саласына инвестиция тарту мен заманауи кәсіпорындарды іске қосуға басымдық берілген. Аумақтың өнеркәсіптік әлеуетін арттыру мақсатында алдағы уақытта бірқатар маңызды ірі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып, жергілікті экономиканың дамуына тың серпін береді.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында өндіріс өркендеп келеді

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі