Воскресенье, 13 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан облысында жаңадан 100 жұмыс орны құрылды

12 июля, 2025
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан облысында жаңадан 100 жұмыс орны құрылды
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық жоспарына сәйкес Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту және өнеркәсіп саласын күшейтуді тапсырған болатын. Осы орайда өңірге қарасты барлық аудандар кезекті бірнеше маңызды жобаларын жүзеге асыруда. Соның бірі Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Маңызды кешенге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100% — ға толық орындалған.

Жоба құны 8 500 млн. теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі. Аймақ басшысы ірі қара мал сою алаңына барып, ондағы ет пен қанды өңдеу цехының жұмыс жүйесімен танысты. Жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті. Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген. Кәсіпорында қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғалар қолданылады. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратып, арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген. Одан кейін облыс басшысы Сайрам ауданына қарасты Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» ЖШС тарапынан салынған құрама жем өңдеу зауытының жұмысын қадағалады. Аралау барысында зауыттың басшысы Сырым Ертаев аймақ басшысына шикізат сынамасын зерттеуге арналған лабараторияның жұмыс жүйесімен таныстырды. Арнайы инновациялық технологияны қолдану арқылы бой көтерген нысанның құрылысы толық бақыланды.

Өңдеу зауытының жобалық құны 2 231,0 млн. теңгені құрады. Жоба аясында мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Нысан сағатына 20 тонна жем өңдеуге қауқарлы. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы 7,25 гектар аумақты құрайтын алаң жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған. Айта кетейік, осыған дейін Түркия мемлекетімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде зауытқа арнайы қондырғылар жеткізілген-ді. Нысан биыл толық іске қосылып, тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Сайрам ауданы көлемі жағынан басқа аудандармен салыстырғанда кіші болса да өңір экономикасына қосар үлесі мол аймақ. Мұнда ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы жақсы дамыған. Диқаншылықпен айналысып несібесін жер анадан тауып отырғандарда жетерлік.  Сайрам ауданы  өсiп-өркендеп, елiмiздiң дамуына өз үлесiн қосып келедi. Экономикалық даму потенциалы аса жоғары болғандықтан, мұнда инвестиция тартуға мүмкiндiк мол. Мал бордақылап мол табысқа кенеліп отырғандар да бар. Түркістан облысы Сайрам ауданының экономикасына ағымдағы жылы 29,2 млрд.теңге инвестиция тартылып, былтырғы жылға қарағанда өсім 2,4 есеге жеткен. Тартылған инвестицияның 73,6%-ы – жеке инвестиция.

Айта кетейік, Сайрам ауданында 5 айдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд.теңгеге жетіп, өсім 32,6%-ды құрады. Жалпы өнімнің 32,9%-ы ауыл шаруашылығы, 26,8%-ы өнеркәсіп саласының үлесінде. Биылғы жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім көлемін 354,0 млрд.теңгеге жеткізіп, 13,4% өсімді қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы саласында 5 айда 37,5 млрд.теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,1% деңгейінде болды. Өсімдік шаруашылығында 1,6 млрд.теңгенің, мал шаруашылығында 35,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Жыл басынан 14,9 мың тонна ет, 71,8 мың тонна сүт өндірілді. Жалпы биылғы жылы агроөнеркәсіп кешен саласында өнім көлемін 160,0 млрд.теңгеге жеткізу межеленуде.

Сайрам — ең ірі аудандардың бірі. Ауданының әлеуметтік — экономикалық дамуына ерекше көңіл бөлінген. Бұл жұмыстар жалғасады. Ауылды дамытуға басты басымдық беріледі. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Түркістан облысына жасаған сапарында облысты әрі қарай дамытуды тапсырды. Сонымен бірге, өз Жолдауында халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.

Алдыңғы жаңалық

Сайрам ауданы экономикалық даму потенциалы жоғары, инвестиция тартуға мүмкiндiк мол.

Келесі жаңалық

МАМАНДЫҚ БҰЛ – АДАЛДЫҚ!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі