Понедельник, 14 июля, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Сауранда қорытынды медициналық кеңес отырысы өтті

13 июля, 2025
in Денсаулық
0
Сауранда қорытынды медициналық кеңес отырысы өтті
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы  Сауран ауданы «Ескі Иқан» ауылдық округі Мәдениет үйінде Сауран аудандық емханасының басшысы Бахыт Стамкуловтың төрағалық етуімен кеңес жиыны өткізілді. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылдың I жарты жылдығында Сауран ауданында денсаулық сақтау жүйесінде жүргізілген жұмыстардың  қорытынды медициналық кеңес отырысы ұйымдастырылды.   Медициналық кеңес отырысына Сауран аудандық емханаға қарасты құрылымдық бөлімшелердің аға дәрігерлері, аға мейірбикелері,  меңгерушілері,  арнайы маман дәрігерлері қатысты. 2025 жыл 6 айлық қорытынды талдау жиналысында  емхана басшысының орынбасарлары Н.Қарабаев, А.Аяганова, Л.Қодаманова баяндама жасады. Кеңес басқосуында  2025 жылдың 6 айында  жоспарланған мәселелер бойынша жүргізілген жұмыстарды  баяндап өтті.

Қорытындылай келе, емхана басшысы Бахыт Еркінбекұлы медициналық қызметкерлерге ана мен бала денсаулығын жақсарту, диспансерлік есептегі науқастарды тегін және жеңілдікпен берілетін  дәрілік заттармен тұрақты қамтамасыз ету, скринингтік тексеру жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.   Сонымен қатар, мақсатты топтағы балаларға иммунопрофилактикалық екпе жұмыстарымен қамтамасыз ету,  медициналық қызметтің қол жетімділігі мен сапасын арттыру жұмыстары бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді,  жұмысты күшейтуді тапсырды.

  • Бүгінгі өткізіп отырған кеңесіміз өте маңызды. Атқарылған жұмыстарды саралап, жоспарларды талқыладық. Денсаулық – кез-келген адам үшін баға жетпес байлық!  Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Өздеріңіз сияқты, Сауран аудандық емханасында білікті дәрігер мамандар көп. Барлығы өз ісіне ұқыпты. Жауапкершілікті сезінеді. Күні-түні еңбек етіп, оның алғысын алған адамнан асқан бақытты жан жоқ деп ойлаймын. Дегенмен еңсені суға салмай, жұмысты одан да қатты жүйелеу қажет. Елімізде жалпы облысымызда медицина саласы жыл сайын дамып келеді. Оны мойындау керек. Біз, сапалы жұмысқа, нәтижелі еңбекпен қарауға тиіспіз. Ауданымызда медицина саласына, дәрігерлерге қолдау көп. Біз бұрынғы кезбен салыстырғанда әлде қайда даму жолында еңбек етіп келеміз қазір. Жаңа технология, соңғы үлгідегі аппараттар қолжетімді. Сонымен қатар «Отбасылық цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінде өзектендіру шараларын және  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тұрғындарды қамту шараларын күшейтуді тапсырамын,-деді аудандық емхана басшысы Бахыт Еркінбекұлы. 

Мемлекеттің дамуы халықтың денсаулығымен тығыз байланысты.  Түркістан облысы тарапынан медицинаға тұрақты қолдау көрсетілуде. Мәселен Сауран ауданындағы аудандық емхананың медициналық құрылғылары мен жабдықтары жаңарып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының қаржыландыруымен емханаға флюрографиялық аппарат алынды.  Салада аудан медицинасы бірқатар оң өзгерістер мен үздік нәтижелерге қол жеткізе алды. Медициналық қызметтердің сапасын, дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру және ауруханалар мен емханалардың материалдық-техникалық базасын күшейту бағытында сенімді қадамдар жасалды. Сонымен қатар «Шорнақ» бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығына жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты орнатылып, бүгінде оның көмегімен жоғары сапалы зерттеулер жүргізілуде. Одан бөлек, жедел медициналық жәрдем бөлімі 3 жаңа санитарлық автокөлікпен толықтырылды. Емхана денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларына сәйкес аккредиттеуден өтіп, 1-ші санатқа ие болды.

Айта кетейік, Сауран аудандық емханасы 73 мың тұрғынға қызмет көрсетеді. Емханаға 31 құрылымдық бөлімше бекітілген. Оның ішінде 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 10 дәрігерлік амбулатория, 13 фельдшерлік-акушерлік бекет және 3 медициналық бекет бар. Бұл бөлімшелер халыққа медициналық көмек көрсету бағытында қажетті қызметтерді ұсынады.

Сондай ақ,  бүгінгі таңда Сауран аудандық емханасында кадрлық әлеуеті  арнайы мамандармен толыққан. Атап айтқанда пульмонолог, инфекционист, дерматовенеролог, иммунолог, балалар невропатологы, балалар кардиологі, балалар хирургі, травматолог, реабилитолог, онколог, сарапшы дәрігер, гастроэнтеролог, рентгенолог, педиатр, психиатр, ревматолог, стоматолог, пренатолог,  зертханашы   мамандарымен  және УДЗ   дәрігерлерімен толықтырылып жұмыс жасауда.  Дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігін арттыру мақсатында тұрақты оқыту жұмыстары ұдайы жүргізіліп отырады.

Дәрігер мамандығы – аса жауапкершілікті, шыдамдылықты, өз ісіне деген сүйіспеншілікті қажет ететін ұлы мамандық. Дәрігер – адам жанының арашасы, адам жанының зерттеушісі, бағдаршамы, қорғаны. Адам өміріне араша түсетін дәрігерлік мамандықты таңдау үлкен жауапкершілікті жүктейді.

 

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮЛКІБАСТА АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖОСПАРЛАНУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі