Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

16 июля, 2025
in Жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының экономикалық картасында жаңа белеске жол ашуда. Жобалардың іске асуы тек қана инвестиция тартуға емес, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, жұмыспен қамтылуына және өңірлік өзін-өзі қамту әлеуетінің артуына ықпал етуде. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық препарат өндіретін инвестормен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Түркістан өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары кеңінен талқыланды.

– Өздеріңізбен келіссөздер жалғасып келеді. Ендігі кезекте нақты іске кірісіп, жобаны жүзеге асыратын сәт келді. Өндірістік аймақтар – инвестиция тарту, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және еңбек нарығын қолдаудың тиімді құралы. Біз кәсіпкерлерге қажетті инфрақұрылым жасап беріп, олардың өнімдерін бір орталықта шоғырландыру арқылы нарыққа шығуын жеңілдетеміз. Бұл – Түркістан облысы экономикасының болашағына салынған инвестиция. Инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Түркиялық инвестор Түркістандағы өндіріс алаңдарымен танысқанын, жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Инвесторлар зауыттың құрылысын биыл бастауға ниетті. Кездесулер нәтижесінде екіжақты экономикалық байланысты дамытуға ниет білдірілді. Бұл өңір үшін жаңа өндірістік технологияларды меңгеру мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бағытында маңызды қадам болмақ.

Түркістан облысында инфрақұрылыммен қамтылған индустриалды алаңдар кәсіпкерлікті дамытып қана қоймай, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға да зор мүмкіндік туғызып отыр. Аталмыш, түркиялық кәсіпорын 100-ден астам препарат өндіретін халықаралық деңгейдегі компаниялардың бірі. Өнімдері 50-ден астам елге экспортталады. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынады деп жоспарланған.

Айта кетейік, Түркістан облысында инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Түркістан облысында зауыт, фабрикалар ашуға күш салуды, тұралап қалған өндіріс орындарын қайта жандандыруды қолға алу басты мақсат. Өңірде өндіріс орындарын ашып, халықты жұмыспен қамту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. Түркістан облысында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытында қарқынды жұмыс жалғасуда. Бүгінде ең үлкен облыс Түркістанның әлеуметтік-экономикалық ахуалы бүтін республикаға әсер етер күшке ие. Өйткені Оңтүстік облыс географиялық тұрғыда қолайлы орналасқан, ондағы халық тығыздығының деңгейі жоғарғы және кейінгі жылдары қолға алынған іргелі бастамалар біршама. Өңірдегі аса өзекті мәселелердің көшін инфрақұрылым мен әлеуметтік ахуал бас­тайды. Өткен 2024 жылы Түркістан облысының жалпы өңірлік өнімінің көлемі алдын ала есеп бойынша 4 трлн. теңгеден асқан. Оның ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 214,0 млрд. теңгені құраған. Облыс экономикасына тар­тылған инвес­тиция көлемі де өсіп келеді. Кәсіпкерліктің дамуы да – бас­ты назарда.  Осы түста өңірге қарасты аудан, қалаларда индустриалды аймақтар құрылып, жүздеген жобалар жүзеге асуда.  Аймақтағы «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы арқылы өндіріс орындары көбеюде. Нақтырақ айтқанда, заман талабына сай зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар күшейе түсті.  Облыста алғаш рет 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды. Жобаның І және ІІ кезеңі аясында 152 өндірістік ғимарат салып, 308 млрд. теңге инвестиция тарту және 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінгі таңда 11 жоба іске қосылып, кәсіпорындар жұмысын бастап кетті. Нәтижесінде 790 жаңа жұмыс орны құрылды. Биыл қосымша 29 ғимараттың құрылысы аяқталып, 26 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 136,8 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1 950 жаңа жұмыс орны ашылады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҮРКИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КЕЛУШІ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТЕР САНЫ 2 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі