Түркістан облыстық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі ұйымдастырылды.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының күн тәртібіне байланысты, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен комиссия отырысы өтті. Басқосуға Түркістан облысы әкімінің міндетін атқарушы Зұлпыхар Жолдасов, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары қатысты. Жиынды облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Мағауия Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды.

▪️Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
1. «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;2. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы
№14/172-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Комиссия төрағасы Мағауия Сексенбайұлы күн тәртібіне қатысты мәселелерді депутаттарға таныстырып, баяндамашыларға сөз кезегін берді. Күн тәртібіне қойылған мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттар өз сауалдарын қоя отырып ұсыныстарын білдірді. Талқылау қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешім қабылданды.


