Төлеби ауданы Шапырашты ауылының мәдениет үйінде “Туған жерім – тұнған шежіре” атты мазмұны терең, мәні зор салтанатты мәдени іс-шара өтті. Шараны “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы ұйымдастырып, туған өлкенің тарихы мен рухани мұрасын дәріптеуге бағыттады.
Жиында өңірлік филиалдың төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмуратов Төрегелді Оразалыұлы тақырып аясында мазмұнды баяндама жасап, ауылдың өткені мен бүгініне, келешек ұрпаққа аманат болар құндылықтарға тоқталды.
Шара соңында ауылдың ақсақалдары, ақжаулықты аналар мен түрлі салада еңбек етіп жүрген белсенді азаматтар “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Құрмет көрсетілген сәттер ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш болды.
Іс-шара соңында жиналғандар үшін көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсем концерттік бағдарлама ұсынылып, көпшілік рухани ләззатқа бөленді.
Туған жердің тарихын жаңғыртып, елдік мұратты ұлықтаған бүгінгі басқосу – ауыл бірлігі мен ынтымағының жарқын көрінісі!


