Түркістан облысы Түлкібас кентінде төтенше жағдайдың алдын алу барысында көгілдір отты қауіпсіз пайдалану және өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нақтырақ айтқанда, Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде аудан көлеміндегі улы газдан, өрт қауіпсіздігінің алдын алу, электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану бойынша тұрғындар, спортпен жаттығушылар, мұғалімдер, студенттер, арасында қауіпсіздік шараларды сақтау мақсатында Түлкібас ауданы төтенше жағдайлар қызметінің мамандары колледж жатақханасында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс шара барысында мамандар ең алдымен “Өрт қауіпсіздігі” және “Улы газдың алдын алу” бағыттары бойынша студенттерге жан-жақты ақпарат беріп, тұрмыстағы электр құрылғыларын пайдалану нұсқаулықтары, газды дұрыс пайдалану және улы газдан уланудың алдын алу ережелерін сақтау бойынша нұсқамалар түсіндіріп, ескертпе парақшалары таратылды.Өрт — тілсіз жау. Өрт — адамның досы мен дұшпаны. Өрт адамға қаншалықты пайдалы болса да, одан келетін зардап та соншалықты жойқын болуы мүмкін. Елімізде күн сайын өрттен келетін зардаптан қаншама қайғылы оқиғалар орын алуда. Әсіресе, соның ішінде ең әуелі зардап шегетіні жас балалар. Өкінішті жағдай орын алмас үшін отбасында, мектеп қабырғасында, балабақшаларда өрт қауіпсіздік ережелерін балаларға тиянақты түсіндіріп, үнемі нұсқаулықтар беріліп отыру керек.

Сонымен қатар, аудандағы О.Кошевой атындағы ШЖЖББМ 2- сынып оқушыларына «Өрт қауіпсіздігі туралы» ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақта оқушыларға өрттен келетін қауіп пен қасірет туралы мәліметтер берілді. Қайғылы оқиға орын алмау үшін қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Өрт шыққан жағдайда ең әуелі 101 нөміріне хабарласуды ұмытпайық.
Соңғы кезде электр желілерінің шамадан тыс жүктелуі, ескі немесе дұрыс қосылмаған сымдардың қолданылуы, сондай-ақ тұрмыстық электр құрылғыларын бақылаусыз қалдыру салдарынан өрт шығу оқиғалары жиілеп келеді. Сіздердге, қауіпсіздік деңгейін арттыру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында төмендегі маңызды талаптарды назарларыңызға ұсынамыз.
Электр желілерін дұрыс пайдалану:
Бір розеткаға бірнеше қуатты құрылғыларды (жылытқыш, шәйнек, микротолқынды пеш, кір жуғыш машина) қосуға болмайды.
Қосымша таратқыштар мен ұзартқыштарды қолданғанда олардың сапасына және қуат көтерімділігіне назар аударыңыз.
Қызу байқалған розетканы немесе сымдарды дереу ажыратып, маманға көрсетіңіз.
Электр құрылғыларын қауіпсіз қолдану:
Үйден шыққан кезде, тіпті қысқа уақытқа болса да, барлық тұрмыстық электр құрылғыларын міндетті түрде сөндіріңіз.
Жылытқыш, электр плита, үтік және басқа қыздыру құрылғыларын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Суланған қолмен электр құрылғыларын қоспаңыз.
Электр сымдарының техникалық жағдайы
Ескі, бүлінген, оралған немесе жалғанған сымдарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.Тозған кабельдер, жарық шамдарының ұшқын шығаруы немесе күйік иісі – өрт қаупінің тікелей белгісі.
Мұндай жағдайда электр желісін өшіріп, міндетті түрде арнайы маманды шақырыңыз.
Балалардың қауіпсіздігі.
Балалардың электр құрылғыларына жақындауына жол бермеңіз.
Розеткаларды арнайы қорғаныш қақпақтарымен жабыңыз.
Балаларға электр тогының қауіптілігі туралы түсіндіріңіз. Төтенше жағдай кезінде.
Өрттің немесе қысқа тұйықталудың алғашқы белгілері байқалса (ұшқын, түтін, күйік иісі) – дереу 101 нөміріне хабарласыңыз. Электр құралындағы өртті сумен өшіруге болмайды. Алдымен электр қуатын ажыратып, тек содан кейін өрт сөндіргіш құралын пайдаланыңыз.
2025 жылдың 22-23 қараша күндері аралығында Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі, №2 МӨСБ, №29 ӨСб, №36 ӨСб, ЖАО, газ қызметкерлерімен аудан аумағында «улы газдан уланудың алдын алу», «өрт қауіпсіздігі» тақырыптары бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шара кезінде 567 тұрғын үй араланып, 2638 адам қамтылды, 193 бұзушылық анықталған.
Өрт қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз. Электр желілерін қауіпсіз пайдалану өзіңізді ғана емес, көршілеріңізді де қорғайтынын ұмытпаңыз. Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережелері
- Пешті пайдаланар алдында оның түтін шығару арналары мен мұржаларын мұқият тексеріп, тазалау қажет.
- Пештің түтін шығару тесіктері жақсы тартуы керек, бітеліп қалмауын қадағалаңыз.
- Пешті жағу кезінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды (бензин, керосин, спирт т.б.) қолдануға тыйым салынады.
- Пештің есігі жабық болуы тиіс, алдына өртке төзімді қалқанша (металл табақ) орнату қажет.
- Пешті және басқа жылыту құрылғыларын балаларға қараусыз қалдыруға болмайды.
- Пешті түнде және үйден шығар алдында жағуға болмайды.
- Электр жылытқыштар зауытта жасалған, сертификатталған болуы керек.
- Электр сымдары зақымданбаған, штепсельдері мен розеткалары дұрыс жұмыс істеуі қажет.


