Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК!

15 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ БОЛУ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК!
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы өз Жолдауында еліміздің спорт саласын жүйелі дамыту қажеттігін айтып, нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Түркістан облысында спорт саласы қарқынды қолға алынуда. Өңірде заманауи спорттық кешендер бой көтеріп, елді мекендер жаңа ғимараттармен толығып келеді. Соның бірі, Сауран ауданына қарасты Ынталы елді мекенінде жаңадан спорт кешені аяқталуға шақ тұр. Ауыл қуанышын еселейтін нысан құрылысы  биылғы жылдың жаз айында басталған. Мердігер мекеме «Юг Рем Строй Сервис» ЖШС. Соңғы үлгіде жабдықталған спорттық ғимарат құрылысына Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Баймахан Сүлейменов депутаттық сауал жолдап, ықпал жасаған. Осыған орай халық қалаулысы елді мекенге арнайы барып, құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Жастардың спортқа деген қажеттілігі күн сайын артып келе жатқанын ескерсек, мұндай нысандар ауыл жастарына пайдалы,-деді депутат.

  • Жалпы спортшыларды ынталандырудың бірнеше жолдарын айтуға болады. Спортшыларды ең бастысы жаттығу жасайтын орындарын, спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Барлық талаптарға сай бой түзеген бұл спорт кешенінде бір мезетте 100-ге жуық спортшы жаттыға алады. Мұндай нысандар ауыл жастарының спортқа деген құлшынысын арттырады деп ойлаймын. Ауылдан еліміздің абыройын асқақтатар болашақ жастар өсіп келеді. Құрылыс жұмыстары толықтай аяқталса, халықтың пайдалануына беріліп ел қуанышын еселейді деп сенемін,-Б.Сүлейменов.

Халық қалаулысы мердігер мекеме тарапынан жасалып жатқан жұмыстарды көріп, құрылыс сапасына мән берді. Бүгінде құрылыстың 90 пайыздан көбісі аяқталған. Депутаттың игі ісі ауыл жастарын спортқа баулып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда орасан мүмкіндік болары сөзсіз.

Айта кетейік, Ынталы ауылында бүгінде 3 мыңнан аса халық тұрады. Негізгі күнкөріс көзі малшаруашылығы. Сауран ауданынан сайланған халық қалаулысы Баймахан Тоймаханұлы бүгінге дейін елді мекенге жол төсеу, жарықтандыру сияқты бірқатар жұмыстардың оң шешілуіне сеп болған.  Осындай игі істер қатары жалғасып, еліміздің абыройын асқақтататын спортшыларымыздың қатары көбейе берсін!

Алдыңғы жаңалық

Бала - ертеңгі елдің болашағы!

Келесі жаңалық

Тәуелсіздік – біздің рухани тірегіміз, болашағымыздың берік негізі.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі