Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді еліміздің қастерлі әрі ұлық мерекесі 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіздік – біздің рухани тірегіміз, болашағымыздың берік негізі. Бұл күн – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманы орындалған, егемен еліміздің туы желбіреген тарихи сәт. 16 желтоқсан – ұлт болашағы үшін шейіт болған, адал еңбек еткен қаһармандар мен тұлғаларды еске алып, рухына тағзым ететін күн.
Өйткені осы бейбіт заман мен азат елдің дамуында мыңдаған тұлғалардың еңбегі жатыр. Сол еңбек пен ерліктің нәтижесінде Тәуелсіздік тұғырына қонған ел болдық.
Тәуелсіздік жылдары елімізде барлық салада ауқымды өзгерістер болды. Түркістан облысы да осы даму жолында табысты қадам жасап келеді. Өңірімізде өндіріс өркендеп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, инфрақұрылым мен туризм салаларында нақты нәтижелер бар.
Мұның бәрі – халқымыздың бірлігінің, табанды еңбегінің жемісі.
Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілеймін! Тәуелсіздігіміз баянды, елдігіміз берік болсын!


