Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналған!

23 мая, 2026
in Жаңалықтар, әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналған!
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналған. Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен өткен жылы  облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсіп, оның көлемі 10 миллиард доллардан асқан. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.  Өңірде қарқынды келіссөздер мен кездесулердің нәтижесінде өңірдің дамуы жоғарғы деңгейге жеткен. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық «YDA Holding» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арсланмен кездесу өткізді. Басқосуда Түркістанда салынған 570 орындық заманауи аурухананың құрылысын толық аяқтау, өңірдегі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Облыс әкімі Түркістанды дамытуға Түркия тарапынан тартылған инвестициялар мен бірлескен жобалар да елеулі үлес қосқанын атап өтті.

– Қасиетті Түркістанға қош келдіңіздер. Жуырда ғана Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті жоғары деңгейде өткізілді. Мәртебелі меймандар Түркістанның дамуын, іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Түркістан – түркі әлемі елдерін біріктіруші алтын көпірге айналып отыр. Бұл ретте «YDA Holding» компаниясы қысқа уақытта халықаралық әуежайды салып беріп, сол әуежай арқылы 5 мемлекеттің басшысы тарихи шаһарымызға келгенін айта кеткен жөн. Қазіргі таңда сіздердің компанияларыңызбен бірлесіп, 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысын жүргізіп жатырмыз. Алдағы уақытта ауыл шаруашылығы, өндіріске инвестиция салуға шақырамын. Әріптестікті жалғастыруға дайынбыз, – деген Нұралхан Көшеров Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуеті, инфрақұрылымдық жобалар мен туризм саласын дамыту бағыттарына тоқталды.

Облыс әкімі өңірде экономикалық ахуалды жақсарту бағытында  инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтіп, шетелдік серіктестермен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Хусейн Арслан Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикалық тұсы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, алдағы уақытта да бірлескен бастамаларды қолдауға ниетті екенін білдірді.

– Сіздерді халықаралық саммитті жоғары деңгейде өткізгендеріңізбен құттықтаймын. Түркістан өз тарихи миссиясын атқарып жатыр. Мен Түркістанның ескі кезін де, қазіргі жаңа кейпін де көргенмін. Шаһардың дамуы ерекше қуантады. Өңірдің әлеуетін арттыруда инвестициялық жобаларды талқылауға дайынбыз. Түркістандағы 570 орындық аурухананы осы жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Өте жоғары деңгейдегі емдеу мекемесі болады деп сенемін, – деді ол.

Айта кетейік, Түркістандағы көпбейінді аурухана құрылысына 15,6 га жер телімі бөлініп, 2020 жылдың мамыр айында республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құрылыс жұмыстары басталған. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 86%-ға аяқталған. Аталған жобаны сатып алу бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен мүдделі тараптар арасында келісім жасалған. Заманауи аурухана ашылған соң өңір медицинасын дамытуға оң серпін береді деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, Соңғы жылдары Түркістан облысында жүйелі басқару, ашықтық пен тиімді диалог принциптері орнығып, қоғамдық-саяси өмірде айтарлықтай ілгерілеу байқалуда. Бұл халықтың мәселесіне жедел ден қою, стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруда үлкен рөл атқаруда. Облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың, тиісті сала мамандарының бірлескен жұмысы ел Президенті қойған міндеттерге сай, Түркістанды тұрақты әрі дамыған өңірге айналдыру жолындағы нақты қадамдардың көрінісі саналады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Келесі жаңалық

Түркістан облысында бала құқығын қорғау мәселесі маңызды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі