Бүгінде Түркістан облысында Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу әдістерін жүйелі атқару, балалардың хабардар болуын арттыру бағытындағы жұмыстарға баса назар аударылып келеді. Әсіресе жасөспірімдерге психологиялық қолдау көрсетуге аса басымдық берілген. Осы мәселеге қатысты, Түркістан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымбекова Айгүл Ерғалиқызымен сұхбаттасып көрдік.
- Айгүл ханым хош келіпсіз» Ең алдымен еліміздегі бала құқығы жайында маңызды заңдылықтарға тоқталып өтсеңіз.
Рахмет. Бүгінде еліміз бойынша да, облыс көлемінде де бала құқығын қорғау мәселесі маңызды. Түрлі заңсыздықтарға барып бала өмірін ойран ететін жат қылықтарды болдырмау мақсатында түрлі іс-шаралар қолға алынып жасалуда. Заңдылықтарға тоқталатын болсақ, алдымен Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын айтып өтейін.
- Жетім баланы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға жәрдемақы төлеу мерзімдерін және мөлшерін және оны тоқтату негіздерін бұзу;
- Неке-отбасы заңнамасының талаптарына сай келмейтін қорғаншыларды немесе қамқоршыларды және баланы қабылдайтын ата-аналарды және баланы қабылдайтын кәсіптік тәрбиелеушілерді және патронат тәрбиешілерді тағайындау.
- Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда балалардың болу мерзімдерін бұзу түрінде жасаған бұзуы-
Отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келетін мән-жайлар.
Білім беру ұйымдары басшыларының Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамасының талаптарына да өзгерістер енгізілді.
- Білім беру ұйымдарында психологиялық –педагогикалық қолдап отыру тәртібін сақтамау;
- Білім беру ұйымдарынан дәлелсіз себептермен бармайтын кәмелетке толмағандарды есепке алудың болмауы;
- Баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарға педагогикалық қолдап отыруды жүзеге асырмау түрінде жасаған бұзуы отыз айлық есептік көрсеткіз мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Осы баптардың (1,2,3 бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған кемшіліктер үшін алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімінің орынбасарымен облыста кәмелетке толмағандар арасында суицидтің, буллингтің, нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу жөніндегі 2026 жылға арналған ведомствоаралық жоспар бекітіліп, облыс әкімінің орынбасарының шешімімен құқық қорғау органдарында есепте тұрған кәмелетке толмағандардың тізімін зерделеу мақсатында арнайы жұмысшы топтың құрамы бекітіліп, жоспарда көрсетілген жұмыстар атқарылуда. Облыстық психологиялық қолдау орталығы тарапынан бекітілген алгоритм жүзеге асырылуда.Ведомствоаралық өзара іс-қимылды жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрамы облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді.
Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Болатовна Закееваның тапсырмасымен Түркістан облысының «Тәуекел тобындағы» балалардың тізімі жинақталып, есепке алынды.
- Түсінікті Айгүл ханым. Жалпы балаларға психологиялық көмек көрсетуде психологтардың атқаратын жұмыстарын айтып өтсеңіз?
Иә, 2025 жылдың мамыр айында 1 000-нан астам мектеп психологтарының қатысуымен «PsyTalks: Заманауи психологиялық қызметтің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» атты өңірлік конференция өткізілді. Суицидке бейім, тәуекел топтағы балаларды ерте анықтау мақсатында дайындалған жасанды интеллект негізіндегі «WeGlobal.AI» платформасы негізінде Жоба Қазығұрт ауданында пилоттық тәжірибеден өткізіліп, оң нәтиже көрсетті. Бұл платформа білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметтерін цифрландырып, проблемаларды уақтылы анықтап, шұғыл шешімдер қабылдауға көмек болуда. ьБасқа аудандарда кезең-кезеңімен енгізілуде.
Тәуекел тобындағы қызыл аймақтан, жасыл аймаққа өту барысы қалыпты жағдайда жұмыс жүргізілуде. Түркістан облысының Психологиялық қолдау орталығының үйлестірілуші мамандары штаты беріліп, толықтырылды. Айта кетейік, Түркістан облысына қарасты 17 ауданда жалпы саны – 105603 психолог жұмыс істейді. Ал, әлеуметтік педагогтер — 90813 адамды құрап отыр.
3.Жалпы бала-өмірдің болашағы десек, балалардың қауіпсіздігіне қалай тосқауыл қоюға болады?
Иә, бала – еліміздің болашағы, өміріміздің жалғасы. Оларды түрлі төтенше жағдайлардан қорғау аға буынның міндеті. Баланың қауіпсіздігіне ең алдымен ата-ана жауапты. Ата-ана балаға дұрыс пен бұрысты, жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік жайлы ескертуі тиіс. Білім беру мекемелері де бала қауіпсіздігіне жауапты. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі оқушылардың мектептегі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Сұхбатыңыз үшін рахмет!


