Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандағы туристік кешеннің құрылысы өңірдің әлеуметтік — экономикасына жаңа серпін!

23 мая, 2026
in Жаңалықтар, Әлеумет
0
Түркістандағы туристік кешеннің құрылысы өңірдің әлеуметтік —  экономикасына жаңа серпін!
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында әлеуметтік ахуалды жақсартып, туризм саласын дамыту бағытындағы ірі жобалардың бірі – заманауи аквапарк кешенінің құрылысы басталды. Жоба облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен шетелдік инвесторлар арасындағы келіссөздер нәтижесінде жүзеге асуда.

Түркістан қаласында бой көтеретін демалыс кешенінің жалпы аумағы 120 мың шаршы метрден асады. Жоба аясында су аттракциондары бар аквапарк аймағы, кемпинг форматындағы қонақ үй, қабылдау орталығы мен банкет залын салу жоспарланған. Кешен отбасылық демалысты дамытуға және өңірдің  әлеуетін арттыруға бағытталған.

Аквапарктың басты ерекшелігі – жыл мезгіліне бейімделетін инфрақұрылым. Жаз айларында су айдыны ретінде пайдаланылатын аумақ қыс мезгілінде картинг алаңына айналады деп күтіліп отыр. Осылайша нысан жыл бойы келушілерге қызмет көрсетеді деген сенім бар. Сонымен қатар мұнда биік сырғанақтар, торнадо үлгісіндегі аттракциондар, аква-қамал, кемпірқосақ сырғанағы және балаларға арналған интерактивті ойын аймақтары қарастырылған.

Жаңа туристік кешеннің құрылысы өңір әлеуметтік экономикасына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасайды. Жоба Түркістан өңірімен қатар, еліміздің өзге аймақтары мен шетелден келетін туристерге де қолайлы демалыс орны болмақ.

Айта кетейік, Түркістан облысы инвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Өңірде қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, ірі жобаларды жүзеге асыру қарқыны артып отыр. Сонымен қатар, Түркістан өңірінің рухани құндылықтары мен тарихи-мәдени мұрасын таныту, туризм әлеуетін арттыру және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу бағытындағы жұмыстар да қарқынды. Сондай-ақ өңірде экономикаға баса назар аударылып туризмді дамыту және инвестиция тартуға ерекше мән беріліп отыр.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында бала құқығын қорғау мәселесі маңызды.

Келесі жаңалық

Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды қолдайды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі