Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

9 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудан аумағындағы бірқатар әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық маңызы бар нысандарды аралап, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Іссапар барысында аудан басшысы алдымен Маяқұм ауылдық округіне қарасты Маяқұм елді мекеніндегі ауыз су желілері мен нысандарын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Аталған жобаны мердігер мекеме – «Building Agency» ЖШС жүзеге асыруда.

Жоба аясында ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын ауыз су құбырлары жөнделіп, жақын маңдағы елді мекендерге тартылған су желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге және ауданның экономикасын көтеруге бағытталған.

Бұдан өзге, аудан әкімі Ызакөл ауылында болып, тұрғындарды ауыз сумен қамту жағдайымен танысты.

Сондай-ақ Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Ақтөбе елді мекенінде орналасқан «Мұрат» шаруа қожалығының 5 000 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыс барысын бақылады. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңгені құрайды.

Жалпы аумағы 20 гектар жерді қамтитын жоба аясында етті мал шаруашылығын дамыту, импортты алмастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және экспорттау бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылмақ. Нәтижесінде 25 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда 20 гектар аумақ толық қоршалып, ветеринариялық бекет, бордақылау алаңдары және құрама жем сақтау қоймасының құрылысы толық аяқталған. Сонымен қатар нысандардың ішкі және сыртқы инженерлік-монтаждау жұмыстары да толық жүргізілген.

Іссапар соңында аудан әкімі Темір ауылдық округіне қарасты Темір ауылында орналасқан ірі қара малға арналған 200 бастық бордақылау алаңы мен мал сою кешенінің жұмысымен танысты.

Жобаның өндірістік қуаттылығы тәулігіне 15 бас ірі қара мал союға есептелген. Сонымен қатар нысан сыйымдылығы 150 тонна болатын тоңазытқыш қондырғысымен жабдықталған.

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталып:

«Өңіріміздің әлеуметтік-экономикасы дамып, есесіне өндіріс орындары, зауыттар ашылып жатыр. Халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған әрбір жоба – біздің басты назарымызда. Ауданымыздың әлеуметтік деңгейімен экономикасын көтеруге баса назар аударылып келеді. Тұрғындарды сапалы инфрақұрылыммен және таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады», – деді.

Іссапар қорытындысында аудан басшысы елді мекендердің экономикалық инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың тұрақты бақылауда болатынын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысы еліміздегі инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің біріне айналды. Өңірде әлеуметтік – экономиканы көтеру бағытында қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру, индустриялық инфрақұрылымды жетілдіру және инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету нәтижесінде бірқатар ірі жобалар сәтті жүзеге асырылып келеді.

Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 125,2%-ды құрап, республика бойынша 1 орынға шықты.

Алдыңғы жаңалық

Кітап – рухани қазына, ұлттың құндылық мұрасы!

Келесі жаңалық

Түркістан Орталық Азияның гүл хабына айналуы мүмкін.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі