Воскресенье, 25 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home әлеуметтік-экономикалық даму

Түркістан Орталық Азияның гүл хабына айналуы мүмкін.

10 июня, 2026
in әлеуметтік-экономикалық даму
0
Түркістан Орталық Азияның гүл хабына айналуы мүмкін.
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қытай Халық Республикасына жасаған жұмыс сапары аясында Қытайдың гүл өсіру саласындағы жетекші өңірі саналатын Юньнань провинциясында Куньмин гүл индустриясы сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Лю Цзюньфэнмен кездесті. Кездесу барысында гүл шаруашылығы, логистика, экономика, инвестиция және экспорт бағыттарындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Куньмин бүгінде әлемдік гүл индустриясының маңызды орталықтарының бірі болып саналады. Қытайда өсірілетін гүлдердің шамамен 80 пайызы осы өңірде өндіріледі. Мұнда Азиядағы ең ірі гүл саудасы биржасы орналасқан. Қазіргі таңда Куньминде өндірілген гүл өнімдері әлемнің көптеген елдеріне, соның ішінде Қазақстанға экспортталады. Кездесу барысында облыс әкімі Түркістан өңірінің әлеуметтік-экономикасы қарқынды, гүл шаруашылығын дамытуға зор әлеуеті бар екенін айтты. Облыс басшысы Түркістанның қолайлы географиялық орналасуы, климаттық ерекшеліктері мен еңбек ресурстары гүл өндірісі мен логистикасының өңірлік орталығына айналуға мүмкіндік беретінін жеткізді.

– «Бір белдеу – бір жол» бастамасы мен Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Екі ел арасындағы шекаралық және көлік-логистикалық қолайлылық гүл өнімдерін жеткізу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Түркістанда гүл көшеттерін өсіріп, заманауи жылыжай кешендерін дамытып, өңделген өнімдерді Қазақстан нарығына ғана емес, Орталық Азия және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспорттауға толық мүмкіндік бар. Бұл – үлкен нарық әрі зор әлеуметтік — экономикалық мүмкіндік. Түркістан гүл индустриясының Орталық Азиядағы жаңа орталығына айнала алады. Егер логистикалық хаб пен өндірістік алаңдар Түркістан өңірінде құрылса, біз жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Инвесторларға барлық қажетті жағдай жасалады. Біз нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асырып, гүл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеруге шақырамыз, – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Осыған байланысты облыс әкімі Куньмин гүл индустриясы сауда-өнеркәсіп палатасы мен оның мүшелерін Түркістан облысында гүл өндірісі және логистика орталығын құру жобасын бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.

Түркістан облысы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жетекші өңірлердің бірі. Жылыжай шаруашылығы бойынша республикада бірінші орында тұр. Бүгінде облыстағы жылыжайлардың жалпы аумағы 1007 гектарды құрайды, бұл Қазақстандағы барлық жылыжайлардың 72 пайызына тең. Өңірде дәстүрлі ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар банан, лимон, құлпынай секілді субтропикалық дақылдар да табысты өсірілуде. Сонымен бірге голландиялық технологияларды енгізу арқылы раушан гүлдерін өндіру қарқынды дамып келеді. Айта кетейік, Куньмин гүл индустриясы сауда-өнеркәсіп палатасы 2013 жылы құрылған. Ұйым гүл өсіру, сауда, логистика және электрондық коммерция салаларында жұмыс істейтін 200-ден астам компания мен 500-ге жуық кәсіпкерді біріктіреді. Палата Қытайдағы гүл индустриясын дамытуда маңызды рөл атқарып келеді.

Түркістан мен Куньмин арасындағы әріптестік Қазақстанда гүл шаруашылығының жаңа өндірістік кластерін қалыптастыруға, өңірдің экспорттық әлеуетін арттыруға және Орталық Азиядағы гүл саудасының жаңа логистикалық бағытын дамытуға серпін бермек.

Түркістан облысының әкімі бастаған ресми және бизнес-делегация Куньмин қаласында орналасқан әлемдегі ең ірі гүл аукциондық орталығында болды. Алып кешен гүл өсіру, сұрыптау, сату және халықаралық нарықтарға жеткізу жұмыстарын бір жерге шоғырландырған заманауи орталық саналады. Мұнда күн сайын миллиондаған гүл саудаланып, Қытайдың әртүрлі өңірлеріне және шетел мемлекеттеріне жөнелтіледі. Орталықта гүлдердің сан алуан түрін көруге болады. Раушан, лалагүл, қалампыр, хризантема және басқа да көптеген гүлдер арнайы бөлімдерде сатылымға қойылған. Гүлдердің балғындығы мен сапасы жоғары деңгейде сақталады. Сондықтан бұл орын гүл саудасымен айналысатын кәсіпкерлер үшін ғана емес, туристер үшін де қызықты нысан болып табылады.

Түркістан облысы мен Қытайдың гүл индустриясындағы жетекші ұйымдары арасындағы ынтымақтастық өңірдің агроөнеркәсіптік әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Гүл өндірісі мен логистикасына бағытталған бірлескен жобалар Түркістанды Орталық Азиядағы ірі гүл саудасы мен экспортының орталығына айналдыруға жол ашады. Бұл бастама жаңа жұмыс орындарын құрып, инвестиция тартуға, экспорт көлемін ұлғайтуға және өңір экономикасының тұрақты дамуына серпін бермек. Сонымен қатар халықаралық тәжірибе мен заманауи технологияларды енгізу арқылы Түркістан гүл шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті өңір ретінде қалыптасып, Қазақстанның гүл индустриясындағы көшбасшылық орнын одан әрі нығайта түседі.

 

Алдыңғы жаңалық

ОТЫРАР АУДАНЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАНДАНАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ КІРЕБЕРІС ТӨЛҚҰЖАТЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі