Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТТАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

3 июня, 2026
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАНДА ЖАҢА ЗАМАНАУИ ҒИМАРАТТАР БОЙ КӨТЕРЕДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «ForteBank» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Қуанышевпен және банктің Түркістан қаласы филиалының директоры Зәмзагүл Азатовамен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі қаржылық инфрақұрылымды дамыту және Түркістан қаласында банк филиалының жаңа заманауи ғимаратын салу мәселелері талқыланды.

Өңір басшысы Нұралхан Көшеров Түркістанның түркі әлемінің мәдени әрі рухани орталығы ретінде ғана емес, ірі іскерлік хаб ретінде де дамып келе жатқанын атап өтіп, экономиканы көтеруде инвесторлардың бастамасына қолдау білдірді.

– Мемлекет басшысының туризм саласын дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында туристік әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. 2025 жылдың қорытындысымен өңірдегі орналастыру орындарында демалғандар саны 347,6 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 14,7 пайызға артты. Ал тарихи орындарға келушілер саны 1 миллион адамға жетіп, 13 пайыздық өсім көрсетті. Бүгінде облыста тарихи-танымдық, экологиялық және емдік-сауықтыру туризмі қарқынды дамып келеді. Туризм саласына 133 млрд теңге инвестиция тартылып, Түркістан қаласында бірқатар ірі туристік жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірдің туристік инфрақұрылымын жақсарту, визит орталықтарын ашу және туристік нысандарға апаратын жолдарды жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады. Бүгінде Түркістан қаласы әлеуметтік-экономикалық тұрғысында қарқынды дамып, мұнда іскерлік белсенділік артып келеді. Осы орайда, тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін қаржылық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру өте маңызды. Біз өңір экономикасына инвестиция құйып, заманауи инфрақұрылым қалыптастыруға ниетті кәсіпкерлердің бастамаларын әрқашан қолдаймыз. Жаңа ғимарат қаланың сәулеттік стиліне үйлесіп, әлеуметтік тұрғыда халыққа жайлы қызмет көрсету орталығына айналады деп сенемін, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Жаңа нысан 2 немесе 3 қабатты кешен түрінде жобаланған. Тұрғындар мен банк клиенттеріне қолайлы жағдай жасау мақсатында ғимарат маңында кең автотұрақ қарастырылады.

Банк басшылығы құрылыс жұмыстарын жақын арада бастауға толық дайын екендігін және нысанды 7-8 ай көлемінде пайдалануға беруді жоспарлап отырғанын жеткізді. Өңірдің басқа аудандарында да банк филиалын ашуды көздеп отырғанын айтты. Сонымен қатар облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, жаңа нысан құрылысының сапалы әрі белгіленген мерзімде жүргізілетінін және қызмет сапасын жақсарту бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын тілге тиек етті.

Жаңа филиалдың ашылуы өңірдегі шағын және орта бизнесті қолдауды күшейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындарға көрсетілетін цифрлық әрі банктік қызметтердің аясын кеңейтуге серпін бермек.

Айта кетейік, Түркістан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға әрқашан дайын. Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров шетелдік инвесторларды ұдайы қабылдап, келіссөз жүргізіп келеді. Өңір басшысы әрқашанда инвесторларға облыстың инвестициялық әлеуеті туралы баяндап, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһарға айналған. Аймақтың экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Мәселен өткен жылы  облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсіп, оның көлемі 10 миллиард доллардан асқан. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.  Өңірде қарқынды келіссөздер мен кездесулердің нәтижесінде өңірдің дамуы жоғарғы деңгейге жеткен.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАРМЕН ЕРКІН ФОРМАТТА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 35 МЫҢНАН АСА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі