Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ ЕКІ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

26 июня, 2026
in Қоғам, Әлеумет, әлеуметтік-экономикалық даму
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЗАМАНАУИ ЕКІ ЗАУЫТ АШЫЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде өңірде тұрғындарды толғандыратын мәселелерді жедел әрі сапалы шешу басты назарда. Осы бағытта әкімдік пен мәслихаттың бірлескен жұмысы айрықша маңызға ие. Биылғы жылдың бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерде оң өсім сақталған. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 119,4%-ды құрап, республика бойынша 2 орында тұр. Бұл – облысымыздың әлеуетін тиімді пайдаланудың нәтижесі. Алдағы уақытта да осы қарқынды сақтап, бірлескен жұмысты жандандыра тусу басты мақсат.

Түркістан облысы Кентау қаласындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Kentau Cable Industries» компаниялар тобы жүзеге асырған екі жаңа өндіріс орнының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Атап айтқанда, жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабель шығаратын «Kentau Cable Industries» зауыты мен электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін «ElectroCore» зауыты ресми түрде пайдалануға берілді.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жаңа кәсіпорындардың өңір экономикасын дамытудағы маңызына тоқталды.

– Бүгін баршамыз үшін маңызды әрі тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Кентау қаласында жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған кабель өндіретін және электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіретін заманауи зауыттың іске қосылуы өңіріміздің өндірістік әлеуетін арттырып, әлеуметтік — экономикалық дамуына серпін береді. Мемлекет басшысы өндірісті дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге, шикізатқа емес, терең өңдеу саласына басымдық беру және халықты тұрақты жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді. Бүгінгі іске қосылып отырған кәсіпорын осы міндеттердің нақты жүзеге асуының айқын көрінісі деп білемін. Қос зауытта 200-дей адам жұмыспен қамтылады. Бұрыннан өндірістің қаласы болып танылған Кентау бүгінде сол деңгейіне қайта оралып жатыр. Шаһардың екінші серпіні, жаңа тынысы ашылды. Осы игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан инвесторларға, құрылысшыларға, мамандарға және барша еңбек ұжымына алғысымды білдіремін. Біз өндірісті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береміз, – деді Нұралхан Көшеров.

«Kentau Cable Industries» ЖШС мен «ElectroCore» ЖШС-нің директоры Асқар Баймырзаұлы Кентауда іске қосылып отырған өндірістердің заманауи технологияларға негізделгенін атап өтті. Оның айтуынша, кәсіпорындардың басты мақсаты – ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, экономиканы көтеріп, экспорттық әлеуетті арттыру. Сондай-ақ өндірісті кезең-кезеңімен кеңейту, өнім түрлерін көбейту және жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отырғанын жеткізіп, жобаның жүзеге асуына қолдау көрсеткен Мемлекет басшылығына, Түркістан облысы әкімдігіне және барлық серіктестерге ризашылығын білдірді.

Жаңа өндірістердің бірі – «Kentau Cable Industries» ЖШС жоғары жылдамдықты интернет желілеріне арналған оптикалық кабельдер шығарады. Жоба құны 1,7 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 33 мың шақырым оптикалық кабель және 12 мың шақырым микротүтік пакеттерін өндіруге мүмкіндік береді. Зауытта 100-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Кәсіпорында кабель өнімдерін шығарудың толық өндірістік циклі жолға қойылған. Өндіріс бағдарламалық басқару жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған желілерде жүзеге асырылады. Жабдықтардың компоненттік базасы Siemens, Bosch, ADVANTECH, Panasonic секілді әлемдік жетекші өндірушілердің технологияларына негізделген.

Екінші жоба – «ElectroCore» ЖШС. Кәсіпорын электр құрал-жабдықтарына арналған металл шкафтарын өндіреді. Жобаға 1,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Өндірістің жылдық қуаттылығы 12 мың дана өнім шығаруға жетеді. Мұнда  да 100-дей жаңа жұмыс орны ашылған.

Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Кентау қаласындағы өндірістік паркке барып, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен танысты. Шаһарда өндіріс, ауыл шаруашылығы, туризм және өзге де салалар бойынша ауқымды жобалар жоспарланған. Бұрынғы ескі кәсіпорындардың ғимараттары қайта жөнделіп, жаңа зауыттарға айналуда. Облыс әкімі жауаптыларға жүйелі жұмысты жалғастырып, өндіріс орындарын көбейтуді, экономиканы әртараптандыруды тапсырды.

Бүгінде Түркістан – көне мен келешекті тоғыстырған шырайлы шаһар. Аймақтың әлеуметтік — экономикалық әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Былтыр облыстың экономикасы 9,3 пайызға өсті, оның көлемі 10 миллиард доллардан асқан. Аймаққа 3,5 миллиард доллар инвестиция тартылды.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақтарда жалпы құны 976,4 млрд теңгеге (7 025 жұмыс орны), индустриялды аймақтарда 132,3 млрд  теңгеге инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар облыста шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 214 гектар аумаққа 25 шағын өндірістік алаң құрылды.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан: биыл өңірдің экономикалық даму қарқыны жоғарылап, 407 жұмыс орны ашылды.

Келесі жаңалық

Таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі