Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырар: «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТЕМІР АУЫЛ ОКРУГІНДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

29 июня, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырар: «ТАЗА СУ АЙДЫНДАРЫ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТЕМІР АУЫЛ ОКРУГІНДЕ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Отырар ауданы, Темір ауыл округінде «Таза су айдындары» акциясы өткізілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы тазалық және абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған бастама өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Кезекті сенбілік барысында аудан аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойы, елді мекендердің ішкі көшелері, қоғамдық орындар, арық-атыздар мен жаяу жүргіншілер жолдары қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ жол жиектеріндегі шөптер шабылып, ретсіз өскен бұталар ретке келтірілді. Жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен қоқыс полигондарына шығарылды.

Тазалық жұмыстары таңғы сағат 07:30-да ауданның барлық белгіленген аумақтарында бір мезгілде басталды. Сенбілікке мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, коммуналдық сала мамандары қатысты.  Сонымен қатар қоршаған ортаның тазалығы – баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтіп, тұрғындарды экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және туған жердің тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақырды. Акцияның негізгі мақсаты – су айдындары мен суару арналарының санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны таза ұстау мәдениетін қалыптастыру және елді мекендердің көркін арттыру. Сенбілік жұмыстары барысында Шәуілдір мен Темір ауылдарын жалғап жатқан ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын бетондалған ағын су арығына тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, арық ішіне жиналған қоқыс қалдықтары шығарылып, су ағысына кедергі келтіретін бөгеттер жойылды. Сонымен қатар, арық бойында ретсіз өскен шөптер шабылып, аумақтың санитарлық тазалығы қамтамасыз етілді.   Таза табиғат – ұлт саулығының кепілі, ал таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Аталған сенбілікке ауыл тұрғындары мен белсенділері атсалысты. Тазалық – әр адамның мәдениеті, әр өңірдің келбеті!

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Отырар ауданында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасуда. Туған жердің тазалығы – тек коммуналдық қызметтің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Көшенің, ауланың, саябақтың, тарихи орындардың таза болуы – біздің мәдениетіміздің, елге деген жанашырлығымыздың көрінісі. Отырар – терең тарихы мен бай мұрасы бар қасиетті өлке. Осындай киелі мекеннің тазалығын сақтау, табиғатын қорғау және көркейту – бүгінгі буынның маңызды міндеті. Әрбір егілген көшет, әрбір жиналған қоқыс, әрбір таза көше – келешек ұрпаққа қалдырар ең үлкен өнегенің бірі. Таза Қазақстан – өзімізден басталады! Туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне бірге үлес қосайық!

Айта кетейік, биыл облыс көлемінде 3 мыңнан астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 15 жалпыхалықтық акция және кең ауқымды «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өткізілді. Аталған шараларға 355 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1 222 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 379 тонна қоқыс шығарылды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен, соңғы екі жылда елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында 474 арнайы коммуналдық техника сатып алынды. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы облыста жалпы аумағы 200 гектарды құрайтын 11 саябақ, 8 сквер және 4 аллея пайдалануға берілді. Олардың қатарында Орта Азиядағы теңдессіз Ескек есу каналы, «Парасат» саябағы, Ботаникалық бақ және жасанды көлі бар 32 гектарлық саябақ тұрғындар игілігіне берілді. Биыл өңірде 7 саябақ пен 8 аллеяны пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі таңда «Этно-туристік кешені» мен «Билер» аллеясы ел игілігіне тапсырылды. Жыл соңына дейін «Астана» саябағы мен ауқымды Аквапарк кешенінің құрылысы аяқталады. Сонымен қатар өңірде жыл соңына дейін 61 балалар ойын алаңы, 35 воркаут алаңы және 49 спорт алаңшасын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, аумағы 50 гектарды құрайтын «Экопарк Түркістан» толық аяқталып, халық игілігіне берілді. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 18 мыңнан астам экологиялық тәрбие сағаты, 560 сурет байқауы, 4 700 дөңгелек үстел және 68 экологиялық акция өткізілді. Сонымен қатар облыстың білім беру ұйымдарында «Жасыл мектеп» жобасы табысты іске асырылуда. Жоба аясында «Шикізат жинау көшбасшысы», «Экологиялық бастамалар көшбасшысы» және «Үлкен әлеует» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.

Алдыңғы жаңалық

Таза ауыл – әрбір тұрғынның ортақ міндеті.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі