Мемлекет басшысы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында бүгін Темір ауыл округіне қарасты Темір және Ұзынқұдық елді мекендерінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Бұл акция тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Әрбір адам өзінің ауласын, көшесін таза ұстап, тазалыққа өзінің үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылуда.
Экологиялық іс-шара барысында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, автокөлік жолдарының бойына санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, ағын судың қалыпты өтуін қамтамасыз ету мақсатында бетондалған ағын су арықтарының іші тазартылып, шөп-шалам мен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
«Бүгін міне Елімізде табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды акция өтуде. Бұл шараның бүгінгі ұрпаққа берері мол. Себебі өскелең жастардың бойында патриоттық рухты оятып, еліне, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттырады. Мұндай іс-шаралар барлық қазақстандықтардың тазалық пен тәртіпті сақтауды қалыптастыратыны сөзсіз», — деді ауыл әкімі А.Жүсіпұлы!
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылып жатқан мұндай іс-шаралар елді мекендердің көркін арттырып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, туған жерге жанашырлықпен қарау қағидатын нығайтуға ықпал етеді. Темір ауыл округінде қоршаған ортаның тазалығы мен абаттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы белсенді түрде ұйымдастырылып, тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болды. Шын мәнінде, бұл бір жылдық немесе бес жылдық емес, ұлттық идеология деңгейіне көтеріліп, жалғасатын өміршең қозғалыс болуы керек. Себебі таза экология – дені сау ұрпақтың, ғаламның болашағы. Экологиялық мәдениетті әр отбасы өз шаңырағынан бастап, балабақша, мектеп, оқу орындарында жалғастыруымыз керек. Тазалықтың барлығы өзімізден басталады,-деді ауыл тұрғындары.


