Түркістан қаласында өткен дәстүрлі «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің қорытындысында Сауран ауданы жоғары нәтиже көрсетіп, ІІ орынға ие болды. Фестивальдің салтанатты жабылу рәсімінде үздік өнер ұжымдары мен жеңімпаздар марапатталды.
Биылғы байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Ордабасы ауданына бұйырса, І орынды Жетісай, Түлкібас аудандары лайық деп танылды. ІІ орын Сауран, Мақтаарал және Сарыағаш аудандары иеленді. ІІІ орын Кентау қаласы, Сайрам, Келес және Қазығұрт аудандарына табысталды. Фестиваль аясында Сауран ауданы ұлттық өнер мен мәдениетті, салт-дәстүрді және рухани мұраны насихаттайтын мазмұнды концерттік бағдарламасын ұсынып, көрермендердің жоғары бағасына ие болды. Өнерпаздардың шығармашылық ізденісі мен сахналық шеберлігі ауданның мәдени әлеуетін айқындай түсті.
Айта кетейік, Түркістан облысында жыл сайын дәстүрлі түрде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі ұйымдастырылады. Фестиваль аясында келушілерге эксклюзивті қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары ұсынылып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, арнайы концерттік бағдарлама көпшілік назарына ұсынылады. Әр өңірдің өткені мен бүгіні, тарихи мұрасы мен үздік жетістіктері кеңінен дәріптеледі.
Биылғы жылы Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» туристік кешеніндеөткен «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі Сауран ауданының мәдени күндерімен қорытындыланған болатын. Фестиваль аясында Сауран ауданының шығармашылық ұжымдары мен өнерпаздары ұлттық өнердің үздік үлгілерін көпшілікке ұсынып, өңірдің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін кеңінен таныстырды. Концерттік бағдарламада халық әндері мен күйлері орындалып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды қойылымдар көрермен назарына ұсынылды. Сонымен қатар, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен этномәдени экспозициялар ұйымдастырылып, ауданның тарихи-мәдени мұрасы, салт-дәстүрі және ұлттық қолөнерінің үздік туындылары таныстырылды. Мәдени бағдарлама барысында аудан өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көрерменге мазмұнды концерттік қойылым ұсынды. Ұлттық өнерді ұлықтайтын сахналық композициялар, дәстүрлі орындаушылық өнер мен халық шығармашылығы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ауқымды мәдени шара аясында ауданның өнер ұжымдары мен шығармашылық өкілдері ұлттық өнердің үздік үлгілерін ұсынып, Сауран өңірінің мәдени мұрасы мен шығармашылық әлеуетін көпшілікке кеңінен таныстырды. Көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлады. Іс-шара барысында қонақтармен туристерге ауданның туристік әлеуетін, тарихи орындарын және өңірдің даму бағыттарын таныстырылып, Сауранның ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет айтылды. Осылайша «Өнерлі өлке» облыстық фестивалі өңірлердің мәдени әлеуетін насихаттауға, халық шығармашылығын қолдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және шығармашылық ұжымдар арасындағы мәдени байланысты нығайтуға бағытталған маңызды жоба ретінде орын алды.


