Қазақстан Президенті жариялаған «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» басқару формуласы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған маңызды реформалардың негізіне айналды. Осы бағыттағы жұмыстар Кентау қаласында да жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл реформалардың басты мақсаты – халықтың мемлекетке деген сенімін нығайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру және әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Осы мақсатт, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қалалық дербес бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.
Күн тәртібінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды. Сондай-ақ Кентау қаласы әкімдігінің қарасты мемлекеттік мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы туралы баяндалды.
«Ұлттық сапа орталығы» РМК тарапынан Кентау қаласында орташа жөндеу жүргізілген нысандардан шағал тастар құрамына, жол негізіне, асфальт жабындысының қалындығына, нығыздалуына және су қанықтылығына сынамалар тұрақты алынуда. Жалпы 2025 жылы 11 нысаннан барлығы 25 сынама алынған. Оның ішінде 3 сынама теріс нәтиже көрсеткен. Аталған теріс нәтижелер 2026 жылға өтпелі, ұзындығы 2,35 шақырымды құрайтын Шахтастрой көшесі нысанынан анықталған.
Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, қайтадан сынама алынған. Сынама нәтижесі күтілуде.
Ағымдағы жылы «Ұлттық сапа орталығы» РМК Автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарының сметалық құжаттамаларын ведомствалық сараптамадан өткізуге және автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу жұмыстары мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге жалпы көлемі 5 000,0 мың теңгеге келісім шарт түзілген.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, мемлекеттік қызметте адалдық, ашықтық және заңдылық қағидаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және оған жол бермеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, бөлім қызметкерлерімен жиналыс түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында әлеуметтік желілерде жариялануда.
Жоғарыда аталған іс-шаралардың барлығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу немесе болдырмау мақсатында жүргізілуде.
Бұл бағытта Кентау жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және сәулет бөлімдерінің басшылары, мемлекеттік-құқықтық және терроризмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің басшысы баяндама жасады. Сондай-ақ комиссия отырысында қала прокуроры бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының орындалуы бойынша және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізілген ішкі талдамада көрсетілген кемшіліктер бойынша тиісті ретке келтіру шаралары жүргізіліп, анықталған кемшіліктердің белгіленген мерзімде жойылуы қажеттігі ескертілді. Комиссия мүшелері баяндамашыларға сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруды, тәуекелдерді жоюға бағытталған нақты шаралар қабылдауды және барлық салада ашықтық пен заң талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.
Айта кетейік, Күшті Президент – мемлекеттің стратегиялық дамуын айқындайтын, ұлттық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін мемлекет басшысы. Ықпалды Парламент – заң шығару қызметін күшейтіп, Үкіметтің жұмысын бақылауды жүзеге асыратын, халықтың мүддесін білдіретін өкілді орган. Есеп беретін Үкімет – азаматтардың сұранысына жедел жауап беретін, өз қызметінің нәтижесі үшін Парламент пен қоғам алдында жауапты атқарушы билік.
Бұл реформалар аясында: Парламенттің заң шығару және бақылау өкілеттіктері кеңейтілді; Конституциялық Сот құрылды; Мәслихаттардың құзыреті күшейтілді; Ауыл, аудан және қала әкімдерін сайлау жүйесі кезең-кезеңімен енгізілді; Саяси партияларды тіркеу тәртібі жеңілдетілді; Азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндігі артты.
Аталған қағидаттың басты мақсаты – әділетті, ашық және халыққа есеп беретін мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту және демократиялық институттарды дамыту.


