Воскресенье, 11 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Билік

«Әділетті Қазақстан» – жүйелі жұмыс пен ашық басқарудың нәтижесі

8 июля, 2026
in Билік, Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
«Әділетті Қазақстан» – жүйелі жұмыс пен ашық басқарудың нәтижесі
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының әкімі төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті.Жиында Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатқан реформалардың орындалу барысы мен қаладағы өзекті мәселелер кеңінен қаралды. Атап айтқанда, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету, абаттандыру, санитарлық тазалық, инвестиция тарту және мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы талқыланды.

Жиын барысында күн тәртібіне сәйкес алғашқы болып кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ердәулет Сапарбайұлы  қала аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерін анықтау және олардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамада заңды жер қойнауын пайдаланушылардың қазіргі жағдайы, заңсыз қазба орындарына жүргізілген мониторинг нәтижелері, рейдтік іс-шаралар, анықталған заң бұзушылықтар және олар бойынша қабылданып жатқан шаралар кеңінен баяндады.

Одан кейін Кентау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Қайрат Серік қала аумағындағы Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының эпидемиологиялық ахуалы туралы баяндама жасап, аурудың алдын алу шаралары, тұрғындардың сақтық шараларын сақтау қажеттігі және жауапты мекемелердің бірлескен жұмыстары жөнінде ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қалалық  ветеринариялық қызмет ШЖҚ МКК басшысы Зейнолла Нұрсұлтан көктемгі энзоотиялық іс-шаралардың орындалу барысы туралы есеп берді. Баяндамада кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарының көлемі, қамтылған аумақтар және ветеринариялық-профилактикалық шаралардың нәтижелері таныстырылды.

Қала әкімі әрбір сала басшысына нақты тапсырмалар беріп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

  • Біздің міндетіміз – әрбір тапсырманы сапалы әрі уақытылы орындау. Әрбір мемлекеттік қызметші халық алдында жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Тұрғындардың өтініштері мен мәселелері дер кезінде қаралып, нақты шешімін табуы қажет. Қалада жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалардың, құрылыс жұмыстарының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының және абаттандыру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударылады. Әрбір нысан белгіленген мерзімде әрі талапқа сай аяқталуы керек. Сонымен қатар инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпкерлікті қолдау және бюджеттік қаражаттың тиімді игерілуі – барлық сала басшыларының басты назарында болуы тиіс. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып, тұрғындармен кері байланысты күшейтіп, олардың ұсыныстары мен сын-ескертпелеріне жедел әрекет етуіміз қажет. Халықтың сенімі – біздің ең басты көрсеткішіміз, — деді Жандос Тасов.

Сондай-ақ тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарына жедел ден қою, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және халықпен кері байланысты күшейту қажеттігін атап өтті. «Әділетті Қазақстан» қағидаттарының негізінде ашықтық, есептілік және тиімді басқару басты басымдық болып қала береді. Кентау қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.

Мәжіліс қорытындысында қала әкімі Жандос Тасов көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

  • Әріптестер, бүгін берілген тапсырмалардың барлығы белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Орындаушылық тәртіпті күшейтіп, әрбір іске жоғары жауапкершілікпен қарауды талап етемін. Барлығымыздың мақсатымыз – Кентаудың тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Осы бағыттағы жұмыстарды бірлесе, жауапкершілікпен атқарамыз деп сенемін. Атқарылып жатқан жұмыстарды тұрақты бақылауда ұстауды және профилактикалық іс-шараларды күшейтуді тапсырамын, деді қала әкімі.

Мемлекет басшысы айқындаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы – баршамыз үшін нақты іс-қимылдың бағдары. Бұл реформалардың басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру, мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейту және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайту.

 

 

 

Алдыңғы жаңалық

КЕНТАУДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Келесі жаңалық

КЕНТАУДА – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі