Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙД ӨТТІ

20 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Өңірдегі өзгеріс
0
ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙД ӨТТІ
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет кеңістігіндегі түрлі қауіп-қатерлердің алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан аумағында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, тұрғындар мен кәсіпкерлік нысандарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Әсіресе интернет алаяқтығы, жалған сілтемелер, күмәнді қоңыраулар мен хабарламалар арқылы азаматтардың жеке деректері мен қаражатын иемдену әрекеттерінің алдын алуға басымдық берілуде. Осыған орай, Қазығұрт ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудандық полиция бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ бірлесіп түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді.

Рейд барысында аудан орталығындағы саябақтар, дәмханалар, сауда орындары және жастар көп шоғырланатын орындар тексерілді. Нәтижесінде түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына қолданыстағы заң талаптары түсіндіріліп, профилактикалық шаралар қабылданды. Бұдан өзге, қазіргі таңда цифрландырумен қатар киберқауіпсіздік мәселесі де айрықша маңызға ие. Интернеттегі алаяқтықтың алдын алу, жеке деректерді қорғау, күмәнді сілтемелер мен хабарламалардан сақтану, ақпараттық жүйелерді қауіпсіз пайдалану жөнінде тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе жастар мен әлеуметтік осал топтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – маңызды міндет.

Сондай-ақ Сарапхана, Қарабау, Жаңабазар және Алтынтөбе ауылдық округтерінде орналасқан дәмханалар, ойын-сауық орындары, бильярд клубтары мен сауда нысандарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға қатысты заң талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді. Балалардың амандығы мен қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ жауапкершілік. Балаларыңыздың бос уақытын бақылауда ұстап, олардың заң талаптарын сақтауына ерекше көңіл бөліңіздер. Әрбір ата-ананың жауапкершілігі – баланың жарқын болашағының кепілі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда киберқауіпсіздік – тек мамандардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Осыған байланысты халыққа жеке мәліметтерді, банк картасының деректерін және SMS арқылы келетін құпия кодтарды бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қосымшаларды жүктемеу қажеттігі түсіндірілуде. Сонымен қатар, цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, тұрғындардың киберсауаттылығын арттыру және интернеттегі алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Киберқауіпсіздік – цифрлық қоғамның басты талаптарының бірі. Сондықтан сақтық шараларын сақтау және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін білу – әр азаматтың өз қауіпсіздігін қорғаудағы маңызды қадамы.

Алдыңғы жаңалық

САУРАН АУДАНЫНДА «ИНВЕСТ КЕРУЕН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС КЕҢЕСІ ӨТТІ

Келесі жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі