Суббота, 24 октября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
aqparatinfo.kz
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Шытырман
  • Әлеумет
  • Спорт
  • Білім
  • Дүмпу
No Result
View All Result
aqparatinfo.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

20 июля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам, Әлеумет
0
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазығұрт ауданында тәуекел тобындағы қызыл және сары деңгейдегі кәмелетке толмаған оқушылармен психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру және білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар өткізілді.

Жиынға Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Беркінбай, «Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұхамбетова және орталықтың жауапты мамандары Арай Әсілбекова мен Айдос Нұржауов қатысып, тәуекел тобындағы білім алушыларды ерте кезеңде анықтау, олармен жүйелі психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастыру, бақылау парақтарын тиімді пайдалану, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бағытында әдістемелік түсіндірмелер берді.

Сонымен қатар, кеңес барысында бала тәрбиесі мен білім беру үдерісін жетілдірумен қатар, жасөспірімдердің цифрлық ортадағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, киберқауіптердің алдын алу және жасанды интеллект технологияларын тиімді әрі қауіпсіз пайдалану мәселелеріне ерекше мән берілді.

Кездесуге ауданның мемлекеттік және жекеменшік мектептерінің директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен педагог-психологтар қатысты. Семинар барысында қатысушылар балалардың психологиялық саулығын қамтамасыз ету, интернет кеңістігіндегі түрлі қауіп-қатерлердің, тәуекел топтарымен жұмыс сапасын арттыру мәселелері бойынша пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай әдістемелік кездесулер білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің сапасын арттыруға, тәуекел тобындағы қызыл және сары деңгейдегі кәмелетке толмаған оқушыларды ерте кезеңде анықтау мен оларға уақтылы психологиялық қолдау көрсетудің тиімділігін күшейтуге, сондай-ақ профилактикалық жұмыстардың жүйелі әрі нәтижелі жүргізілуіне ықпал етеді.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗЫҒҰРТ: ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТҮНГІ РЕЙД ӨТТІ

Келесі жаңалық

Қазығұртта тәуекел тобындағы оқушылармен жұмыс және цифрлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


"Aqparatinfo.kz" ақпараттық агенттігі
160000,Шымкент қаласы
Директор:
info@aqparatinfo.kz

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде aqparatinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Саясат
  • Шытырман
  • Дүмпу
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі