Ардагерлер күніне орай «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша өңірлік филиалының ұйымдастыруымен, Еңбекші ауданы аумақтық партия ұйымының төрағасы Абай Қайратұлының демеушілігімен Қаратау ауданындағы ардагерлер арасында бильярдтан спорттық жарыс өтті.

Шараның негізгі мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенді өмір салтын қалыптастыру, спортпен айналысуға ынталандыру, сондай-ақ ардагерлер арасындағы достық пен өзара сыйластықты нығайту.
Жарыс барысында қатысушылар өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен алғашқы үш ардагер қалалық деңгейдегі жарысқа жолдама алды.
Ардагерлер – елдің өткенін бүгінмен сабақтастырып, кейінгі ұрпаққа өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жеткізіп келе жатқан қадірлі буын. Сондықтан олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасап, бос уақытын тиімді ұйымдастыру – маңызды бағыттардың бірі.
Осындай тағылымды шараны ұйымдастырып, ардагерлерге тұрақты қолдау көрсетіп жүрген «Ауыл» партиясының Шымкент қаласы бойынша Еңбекші ауданы аумақтық партия ұйымының төрағасы Абай Қайратұлына алғыс білдіреміз.
Аға буын өкілдеріне мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілейміз!


